Толқын
Пәленің басы - хазірет мешіт баққан
Ораза, намазшылар оған жаққан.
Заман түрін танымай әуреленген,
Мерт болар арыстандай Айға шапқан.
Әр тұста қилы-қилы заман өтті,
Су тасыды, көп толқын қайда кетті?
Кеткен толқын өз-өзінен кете берсін,
Желмен қуып, толқынды толқын жұтты.
Дария ағызған әркімді толқын айдап,
Ер басына күнелтпек бір сал байлап.
Толқын жайын білмеген қырсықтар
Салы суға кетпекші, соры қайнап.
Өтіп кеткен толқынды күтпегендер,
Жоқтап, көксер зейіні жетпегендер.
Қандай жақсы дәуренмен өмір сүрер:
Салы суға бұзылып кетпегендер.
Бұрынғыны көксеумен ауыз ашпа,
Тозығы жеткен жолға аяқ баспа!
"Мен баяғы болам!" - деп, әуреленген
Жансыз жарымеспенен араласпа!
Алла адамды жаратты артық зерек,
Өзгеден ерекше қып оқшау бөлек.
Ақылыңа сыйғанды алып ұста-дағы,
Ақылға сыймағаны қылма керек.
"Баяғыда болыпты Адам-Ата,
Мен— адаммын: сол болдым!"- деу зор қате.
"Оқу бар, молда барың,- деп, алас ұрып,
Уыз жаста болдық қой көп миқата.