15.04.2021
  346


Автор: Нығмет Баймұхамедов

Жайлауым бақша

Шаттықпен саяхатта әнге салам,
Қынама гүл будасын қолыма алам.
Шарықтап қиял тербеп, көңіл сергеп,
Тек қана өз бақшамда рахаттанам.

Қайырмасы:
Жайлауым бақша жайнаған,
Бұлбұлы болам сайраған.
Бақшама сый қып тартарым, –
Шырқата салған әдемі ән.

Суы бал, көк майсасы белуардан,
Келсең кел деп алқабы құшақ жайған.
Жанға жай, төрт түлікке қоңыр салқын,
Басқада мұндай жайлау болсын қайдан?
Қайырмасы.





Пікір жазу