15.04.2021
  635


Автор: Нығмет Баймұхамедов

Бейбітшілік туы берік қолда

Жер шарын мекендеген бүкіл халық,
Біздің ел дәстүрінен қуат алып.
Советтер Одағы боп сүйінері,
Достығын Отанымның отыр танып.

Қайырмасы:
Барлық халық, бақыт үшін тартқан алға, алға!
Біздің ту – Совет туы, берік қолда!
Партия қайда болса,
Партия қайда болса – жеңісм сонда!

Жиһанға жат болсын деп соғыс аты,
Сақтаулы қол қойылған «Әлем хаты»
Бала – жас, ана – жесір, әке – құрбан
Болсын деп жаралмаған адам заты.
Қайырмасы.

Отаным мәңгі бақыт шамын жаққан,
Қуатым құмда суды толқындатқан.
Біздің ел – еңбек елі, шөл далаға
Жайқалта жапырағын бақ орнатқан.
Қайырмасы.





Пікір жазу