13.04.2021
  178


Автор: Жамбыл Жабаев

Шәбденге

Уа, шаһибаз, хан Шәбден!
Атым арып кедді әбден.
Тоным тозып жүдедім,
Орын бермей жан төрден.
Ақ ордаңа енейін,
Аман-сәлем берейін.
Аз дамылдап алайын,
Өзіме өзім келейін.
Жан таңқалған сөзімді
Алдыңа бір төгейін.
Күн қиядан батқанша,
Ай қиядан асқанша,
Ағыл-тегіл тер болып,
Жорғалайын, желейін.
Басы биік Алатау
Жер өңірден көрінер,
Арнап келдім, батыр-ау,
Амандасып, қолың бер!
Ауыл алыс болса да,
Атағыңды көрдім бел.
Атым арық, тон тозық,
Қысып келді аштық, шөл.
Жерімізде жұт болып,
Өспей қалды биыл төл.
Бұйымтайым, мұңым да
Әзірше айтар сізге сол.





Пікір жазу