13.04.2021
  311


Автор: Жамбыл Жабаев

Кедей күйі

Ұзынағаш, Қаратас,
Қалқабайдай қайран жас.
Бекеттен нан қоймайды,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Оған ауыз жарымас,
Сонда дағы ар қылмас.
Қалт-күлт етіп жүргені,
Қысы-жазы қарны аш.
Қайтіп жаның ашымас,
Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас?!
Болмайды ішкен асың ас,
Қайтіп сүйек жасымас?!
Мұныменен, Қалқабай,
Сордан көзің ашылмас.





Пікір жазу