13.04.2021
352
Қуғын
Екі жылқы алдырдым
Майтөбенің жонынан.
Бергеңім жоқ қолымнан,
Ұры әкетті торыған.
Ізі осылай ойысты,
Қуып келем соңынан.
Сөзім емес, Бәйеке,
Сізді ұрыға жорыған.
Қыдыр шалған жылқыңның
Қаратыңыз тобынан.
Табылмаса тобыңнан,
Көрейін өз сорымнан.