11.04.2021
171
Неге жасаймын
Сусыз, шетсіз шөлдерден,
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Қасқыр мен қой дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше;
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем», - деп,
Жасаймын: «Бір қолғабыс,
Кейінгіге берем», - деп.
су шөл Тұман көл дос Сұлтанмахмұт Торайғыров Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдері Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы