07.04.2021
  416


Автор: Мағжан Жұмабаев

Оразада

Тай алдында тамылжып,
Тәтті ұйқыға батқан шақ.
Бір тамақтың қамын жеп,
Ұйқылы-ояу жатқан шақ.
Тұра салып төсектен,
Дір қалтырап киініп,
Ойға кірер: «Кешікпен,
Уақыт бар»,- деп сүйініп.
Ауыз ашып, қол салып,
Ашылмай жөнді де көзі,
Келгенде қарын құралып,
Көрінді-ау Шолпан жұлдызы.
«Жылдам іш»,- деп жымыңдап,
Көз қысуын нетерсің?
«Қарбытып іш, тынымдап,
Аштан өліп кетерсің!»
Алдына әкеп қатар қой,
Қай сүйгенін таңдасын.
Шай, қымызға әбден той,
Көңілде інкәр қалмасын.
Түндік жабық, от жарық,
Үйге сәуле кірмейді.
Іш, той, ындыныңды жарыт,
Таңды үйден кез көрмейді.
Ораза деген қазаққа
Құлшылық емес, әдет қой.
Еріксіз жүрмей азапта,-
Пайданы ойла, қам ет, қой. 
 
 
 





Пікір жазу