07.04.2021
1421
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
тарту даналық байлық Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы