07.04.2021
280

Көкте бұлт сөгілсе
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда;
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда;
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда;
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда;
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда;
Мал араға түспесе,
Құр айтқаннан не пайда;
Байдан қайыр кеткен соң,
Мал да кетер, не пайда?!