06.04.2021
  359


Автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Аурусыз жанға айла жоқ...

Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрi бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрi бар.


Аурусыз жандар – мисыздар,
Мисызда ауру бола ма?
Тәнi сау, миы науқастар,
Ондайға дәрi қона ма?


Милыда ойсыз күн болмас,
Ауырмай миы тұра ма?
Миынан басқа ем қонбас,
«Емдейiн бе?» деп сұрама!





Пікір жазу