04.04.2021
  722


Автор: Зейнолла Шүкіров

Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір,
Ақ қанатты көбелек.


Үстіме жалп-жалп жауады,
Ақ тауықтың жүніндей.
Жайнатады даланы,
Ақ жібектің түріндей.





Пікір жазу