03.04.2021
  981


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Тілеймін бақыт өмірде саған

Сен туғанда атыңды,


Әкем қойды қуанып.


Нұрға бөлеп тұрсын деп,


Ашық аспан болсын деп.


            Тіршіліктің гүліне,


            Жарық сәуле шашсын деп,


            Ақылына көркі сай,


            Кербез сұлу болсын деп.


Айың оңыңнан тусын деп,


Бата-тілек  айтылып.


Азан айтып қойып еді,


Нұрайым деп есімді.


            Бүгін міне бой жеттің,


            Болашаққа көз салып.


            Уақытпенен жанарып,


            Сәбиліктен бой жеткенге айналып.


Артта қалып барады-ау, бала күнгі кездерің,


Уайымы жоқ ең бақытты күндерің.


Уақыт деген сен отырған алып кеме,


Тоқтауы жоқ теңізде.


            Уақыт  сенің өмірің,


            Құны өлшеусіз дей көрме!


            Өмір деген ізденіс, белесі көп асулар,


            Сол асудан тек сүрінбей өте біл.


Тілің жырлы,


Қиялың жүйрік,


Жүрегің сырлы білемін.


Қазақтың мұңын жырлайтын сенсің.


            Бойыңда күш бар, қуаты күшті,


            Үмітті ақта, жалауын жықпа сенімнің.


            Биіктен көрін, асқақтап арман,


            Тілеймін бақыт өмірде саған.





Пікір жазу