Ұлықтайық ананы
Атасуда анам бар деп қуанам,
Бір ғасыр мен бір ғасырды жалғаған.
Текті жерге келін болып кезінде,
Хасеновтер әулетіне өз өмірін арнаған.
Ана болып бес сәбиді құрсақтап,
Әрқайсысын ұясына қондырған.
Өніп-өсіп бес сәбидің баласы,
Немереге, шөбереге, шөпшектерге жалғасқан.
Ерлік деген осы емес пе,
Осы емес пе халқым-ау.
Дауыл тұрып, жел соқса,
Пана болар халқыма.
Соғыста да, аштықта да,
Мойымады асыл ана.
Аштық жайлап, көз жұмылып,
Ошақ сөніп жатқанда.
Ерлік деген осы емес пе,
Осы емес пе халқым-ау.
Сол қырғыннан аман қалып,
Ну орманға айналған.
Бойындағы күш-жігер,
Ата-тектен тараған.
Жаңа-Арқаның топырағынан,
Ғұламалар тараған.
Неғып жатыр биліктерің,
Тіршілікте ұлықтамай.
Ер ананың ерлігін,
Жүз төрт жасын тойламай.
Тойламаса тойламасын, халқым-ау!
Бірақ біздер тойлайық.
Мадақтайық, ардақтайық,
Ата дәстүр түрінде, руһы биік ананы.