Бақыт деген немене...
Бақыт деген бала күнгі кездерің,
Балалармен асыр-салып жүргенің.
Шаттықпенен күлкі ойнап жүзіңнең,
Ата-анаңмен бірге жүрген күндерің.
Бақыт деген бой жетіп,
Арман қуған кездерің.
Болашаққа көз салып,
Қиял қуған күндерің.
Бақыт деген уақытпенен жанару,
Сәбиліктен бойжеткенге айналу.
Ғашықтықтың сезіміне бөленіп,
Махаббаттың құдіретін сезіну.
Бақыт деген бірге өткізген күндерің,
Бақыт деген ойнап-күлген кездерің.
Бақыт деген болашаққа талпынып,
Сүйіктіңмен жақсы өмір сүргенің.
Бақытты да байқамаймыз кейде біз,
Тұрсақтағы шын бақытқа бөленіп.
Тәкаппарлық танытам деп әр кезде,
Бақытты да ұшырамыз қолдан біз.
Бақыт деген бірге өткізген күндерің,
Бақыт деген ойнап-күлген кездерің.
Бақыт деген болашаққа талпынып,
Сүйіктіңмен жақсы өмір сүргенің.