Туындылар ✍️
Қазақстандағы ұлттар
1926 жылғы есепке қарағанда, Қазақстанның барлық халқы ер-қатыны 6507077 кісі болып, осыдан ері 51,2 процент, әйелдері 48,8 процент; бұл санды ұрыс дәуіріне шейінгі санмен теңдестіру мүмкін емес. 1914 жылға дейінгі Қазақстанда болған халықтың есебі толық жоқ. Ол уақытта көшпелі қазақ елдері толық есепке алынбаған секілді.
1926 жылғы есепке қарағанда, қала халқы 539200 кісі, дала-ауыл халқы 5967800 кісі. Осылардан жұмысқа жарамды жастағылар 3 474 200 кісі (53,36 процент), осыдан қалада тұрушы 300 900 кісі (8,66 процент) және ауылда тұрушы 3 173 300 кісі (91,34 процент). Жалпы қала халқының санынан іске жарайтыны 5,80 процент. Ауыл халқының жалпы санынан іске жарайтыны 53,17 процент, міне, бұған қарағанда, ауыл халқына қарағанда, қала халқының жақсы өскені білінеді. Жақында алынған есепке қарағанда, соңғы екі жыл ішінде қала халқы 10 процент өскенде, ауыл халқы 4,5 процент қана өсіп отыр.
Қазақстан мемлекетінің орны кең, халқының тығыздығы Қазақстан қарамағының бар жерінде бірдей емес. Жер ыңғайына қарай әр жерде әр түрлі. Себебі, Қазақстанның көп елі көшпелі мал бағумен күн көрсе, біразы егіншілікпен де күнелтеді. Сондықтан, жан басына қанша жерден келуін бір мөлшермен өлшеуге болмайды. 1928 жылғы есеппен бір квадратный километрге 2,28 кісіден келеді.
Қазақстан мемлекетінің ұлт түзілісі аралас, егер аз болуына қарамай санасаң, 20 шамалы ұлт бар. Бұл көп ұлттардың әрқайсысының белгілі бір орында отырғаны да бар. Қазақ халқымен аралас отырғандар да көп. Бір ұлттың бірнеше аудандарға бөлініп жүргендері де бар.
Негізгі ұлт қазақ, орыс, қарақалпақ болып, бұлардан басқа толып жатқан ұсақ ұлттар бар. Олардың сандары мыналар:
Қатар Ұлттар Қалада Далада Жалпы халық
номер жасаушы жасаушы тың санынан процент
1. Қазақ 68794 36483 000 57,1
2. Орыстар 273626 772775 15,3
3. Қарақалпақ 4950 115234 1,94
4. Украин 46158 814820 13,2
5. Казак-орыс 62000 216000 4,3
6. Неміс 2362 48734 0,8
7. Мордва 11446 36098 4,0
8. Белорус 4163 21459 0,9
9. Еврей 3217 183 0,5
10. Болгарлар 78 3022 0,5
11. Өзбек 31164 181896 3,5
12. Татарлар 60321 20406 1,2
13. Ұйғыр 10439 41364 0,8
14. Қырғыз 2567 7899 0,2
15 Түркмен 212 1002 0,2
16. Дунган 2337 6118 0,1
17. Тәжік 16 7650 0,1
Барлығы: 539245 5967832 100 процент
Жергілікті халықтың жалпы санын алып қарағанда, қазақ ұлты көпшілікті алып 57,1 процент болады. Орыс халқы Қазақстан қарамағындағы аудандардың бәрінде болып, халықтың жалпы санының 15,3 процентін тұтады.
Украин халқы Қазақстанның көп жеріне таралған болып, көбірегі бұрынғы Ақмола мен Қызылжар округтерінде күнелтеді. Ақтөбе, Қостанай округтерінде де бар.
Қарақалпақ халқы Қазақстанның Түркменстан, Өзбекстан мемлекетімен қосылысқан шетінде болып, басқа жақтарда өте аз. Ерікті облыс болып, 1925 жылдың басынан бері Қазақстан мемлекетіне бағынады. Елінің көпшілігі қарақалпақ, өзбек ұлты. Қазақстан мемлекетінің Өзбекстанмен шекаралас жерлерінде, Қарақалпақ облысы Сырдарияда жайлап1, басқа жақтарда аз.
Татарлар Қазақстандағы аудандардың бәрінде таралған болып, бұлардың көбісі, 60 процентке жақыны қалада тұрады. Мұның себебі, олардың айналысатын кәсіптеріне қарай: сауда, қолөнері, кеңсе қызметінде болғаннан қалада тұрады. Татарлардың ең көбі бұрынғы Ақмола округінде.
Ұйғырлар Қазақстанның Қытаймен шекаралас жерінде болып, барлығы дегендей бұрынғы Алматы округі Жаркент, Шелек аудандарында. Ұйғыр ұлтын тараншы, қашқарлық деп жүру жаңылыстан болған нәрсе. Мысалы, бұрын біздің қазақты "қырғыз" деп атағандай, ұйғырдың тарихы, рас аты "ұйғыр" болған үшін солай "ұйғыр"деп атамақ керек.
Дунғандар Қазақстанның Қытайға жақын орындарында жасайды. Олардың ең көп жері бұрынғы Алматы, Жетісу округінде.
Немістер Қазақстанның көп аудандарына таралған. Ең көбісі бұрынғы Ақмола округінде болып, өз алдына кеңесі бар. Күн көрісі — ауыл шаруашылығы.
Түркмен Қазақстанның Түркменстан республикасымен жанасқан жерінде, қарақалпақ облысында болып, күн көрісі егін салу. Тәжіктердің көп орны Бостандық ауданында.
Қалған ұсақ ұлттар аудандарда аралас жасайды. Олардың жалпы саны халықтың санынан 0,4 процент қана тұта алады.
Осы ұлттардың әрқайсысында да өз алдына тілі, әдет-ғұрпы бар. Мәдениеті, шаруашылық жағында әрқайсысы әр түрлі. Бірақ та, күн көріс жағынан бір-бірімен байланысты десек болады.
Мәдени, шаруашылық жағынан кейбір европалық ұлттардың ғана алдалығы болмаса, басқа ұлттардың бәрінің де бір-бірінен артықшылығы аз. Бұл ұлттардың көбінің мәдениеті артта, әлі күнге шейін надандығы күшті екені әркімге белгілі. Олардың осы күнге дейін артта қалуы — ескі патша үкіметінің ұлт саясатынан қалған мұрасы деуге болады.
Ұлттардың патша заманындағы тұрмысы
Ескі Россия, патша үкіметі барлық күшін, саясатының негізін ұлттарды езуге қаратып құрған еді. Ол ұлт мәселесінде теңдікті, еркіндікті жалғыз-ақ орыс ұлты байларына беріп, басқа ұсақ ұлттарды көзге ілмеуші еді. Үстемдікті орыстың бай, помещиктеріне ғана беріп, басқа ұлттарды құл есебінде ездірді. Бір ұлттың ішінде бай да, кедей де бар, орыстың байлары басқа ұлт кедейлерін де, орыс кедейлерін де езді. Бірақ ұсақ ұлттардың кедейі, біріншіден, патша үкіметі, оның байларынан езілсе, екіншіден өзінің байынан да езілді.
1738 жылдан бастап Қазақстандағы ұлттар 200 жылға жақын Ресей патша үкіметінің құлдығы астында жасады2. Осы екі жүз жыл ішінде мәдени шаруашылық жақтан артқа кетіп, қайдағы бір оңбаған әдеттер күш алды. Еңбекші ел Россия капиталистерінің арзан шикізат алып, қымбат товар сататын базары болып қызмет етті, шаруаның жазы-қысы тынбай тапқан шикі бұйымдары арзан бағамен саудагер қолына түсіп, бай капиталистердің завод, фабрикаларына жіберілді. Базардың бәрісі саудагерлердің қолында болып, нарықты шаруаның залалына, өздерінің пайдасына қаратып тұрушы еді. Үкімет болса, сол саудагер байдың пайдасы негізіне тұрып, өз күшімен күн көретін шаруаның күйзелуіне қараған жоқ.
Жер, судан пайдалануда ұлттар арасында теңдік деген нәрсе жоқ. Жерден пайдалану мөлшері ұлт айырмасына қарай түзеліп, шаруаның күшіне қарай бөлу ескерілген жоқ. Жергілікті халыққа жан басына 5 десятинадан 15 десятинаға дейін жер бергенде, орыс мұжықтарына жан басына 5 десятинадан 35 десятинаға дейін, отаршыл әскерлерге 70 десятинаға дейін берілді. Жергілікті халықтың ең жақсы, оңтайлы жерін тартып алып, Ресейдің патша үкіметінің жіберген мұжықтарына беріп, жергілікті шаруаға қайдағы жаман, оңтайсыз жерді көрсетіп: "алсаң ал, алмасаң өзің біл" деді. Сол уақыттардағы тартып алынған жердің саны 40 миллионға жетеді.
Жер бөлінгенде шекараны белгіленген сызыққа қарай қолдану жоқ. Жергілікті елдің орыс кулактарымен шекаралас отырғандарының жерін орыс мұжықтары тартып алушы еді. Жерінен айрылған кісі үкіметке арыз қыла барса, тілегін орындаудың орнына қамауға алып жөне сөгіп қуып жібереді, жер мәселесінде езілген ұлттардың арыздары тіпті тыңдалмады, ақырында сорлы қара бұқара зар жылап, арыз қылуға қорықты.
Бұл саясат, біріншіден, жергілікті ұлттар мен орыс арасында араздық, дұшпандық тудырса, екіншіден, жергілікті ұлттар арасында жерсіз кісілердің көбеюіне себеп болды.
Патша үкіметі қалай болса да, түрлі жолдармен көбірек ұсақ ұлттар арасына қастан араздық тудырушы еді. Егерде ұлттардың аузы ала болмаса, еңбекшілері бірігіп патшаның залымдығына қарсы шығып, бәлкім, үкіметті құлату қаупі бар еді. Сондықтан ескі үкімет өзбекті, тараншыны қазаққа, қазақты оларға қарсы қоюшы еді.
Ұсақ ұлттарды бір-біріне қарсы қойып қарап отырмастан, оларды орыстандыру деген саясат күшті болып, ұсақ ұлт балаларын өз ана тілінде оқуға рұқсат жоқ, барлық мектептерде жалғыз орыс тілін оқуға міндетті болып, ұлттардың ана тілі есепке алынбайды. Ұсақ ұлт балаларының мектепке кіруі өте ауыр болып, атақты бай, атқамінерлердің баласы ғана орыс мектебіне кірсе де, білімді өз тілінде емес, орыс тілінде алушы еді. Бұл орысша оқып шыққандардың көбі ұлттан, оның бүтін еңбекшілерінен безіп айрылып, орыстың чиновниктеріне қосылып кететін. Қазақстанда осының себебінен өзінің ана тілінде оқып, жаза білмейтін, болмаса өз тілін бүтіндей білмейтін зиялы жақынға дейін бар еді.
Ұсақ ұлттардың тілдері жалғыз-ақ дінді істерді қолдануға ерікті болып, басқа үкімет, әлеумет істерінде қолдануға ерік берілмеді. Ұлттар тілінде баспасөз жалғыз ғана дінді істе рұқсат етіліп, басқа істе мүлде жоқ, патша үкіметі дінді ұлттарды езетін құрал етіп қолдануға, отаршылдық астында құлдықта жасаушы ұлттарды қараңғылықта, надандықта ұстау үшін біле-көре дінді күшейтіп, ишан мен молданы көбейтті, әптиек, құранды молайтты. Ұсақ ұлттардан мұғалім, басқа жұмыскер даярлау ісі еске де кіріп шықпаған, мұның нәтижесінде ұсақ ұлттар мәдени жемістен артта қалып, халқының 99 проценті сауатсыз болып қалды.
Ұзақ уақыт өтпей ұлттар арасындағы ескі хан, бек, аталықты қостағандар патша өкіметінің қызметкері болып алды. Батырлардан барымташы, билерден атқамінер шығып, олар да үкіметке арқа сүйеп, қара бұқараның үстінде қамшы ойнатты. Капитализм өсуінен әсерленген ұлт байлары да мал-мүлкін молайтып, кісі күшін де пайдалана бастады. Ресей капиталдарының сауданы күшейтуімен қала, поселкелерде сауда орындары молайды. Мұнымен байланысқан жергілікті ұлт байлары күш алып және сауда жолымен диқан шаруаларды аяусыз қанау, талау арқасында зор күшке ие бола бастады. Қалада тұрушы Ресей байларымен байланысып, өз ұлты шаруасынан түрлі заттарды арзан бағаға алып, қымбат бағаға сатушы ұлт байлары күн-күннен өсіп, қанау жолымен жерді, малды, мүлікті асыра бастады. Жергілікті ұлттардың ірі, ұсақ байлары, жарым феодалдары өздерінің барлық тағдырын тап серігі болған Ресей капиталистері мен байларын, оның үкіметін, саясатын да қорғауға кіріп кетті. Осындай жағдайлар астында баяғы жерсіз қалған және аз жерді, аз малды шаруалардың бірсыпырасы бүтіндей қу кедей батырақ болып, ауылдағы бай, жарым феодалдарға жалдана бастаса, бірсыпырасы қалалық жерлерде түрлі ұсақ қол өнерімен шұғылданады.
Ұлт байлары мен Ресей байларының бірігіп алып еңбекшілерді қанауы, елді адам көрмеген қиыншылыққа ұшырата бастады.
Әсіресе кедейлердің тұрмысы өте нашар болды.
1902 жыл мен 1913 жыл арасындағы есепке қарағанда, жергілікті бұқараның жалпы санынан 9 проценті кеміген. Осы кему әлбетте, бірінші, шаруашылық түзелмеуінен болса, екіншіден, түрлі аурулардың таралуынан.
Тілмен айтып суреттеуге мүмкін болмаған қанау, езу астында жасаушы ұлттардың еңбекшілері шыдамай, үкіметке қарсы көтеріліс жасаған да уақыттары болды. Бірақ патша үкіметі оны құралды күшпен басты.
Көтерілістің ең үлкені 1916 жылғы көтеріліс болып, бұған Қазақстанда болған ұлттардың көбісі қатынасқан еді3. 1916 жылғы көтеріліс ұлт көтерілісі болғанмен, тап әсері де күшті еді. Қазақ кедейлері патша үкіметіне арқа сүйеніп, бұқараны езуші қазақтың атқамінер болыс, төрелерін мынау қазақ деп аяған жоқ. Талайын өлтіріп салды. Қарақалпақ, өзбек және басқа ұлттар арасында да болды.
Ұлт еңбекшілері, өз байлары және патша үкіметінің залым тырнағында езіліп, айтуға тіл жетпестей қорлық, зорлық жасап, мұңды жасын төгуде болды.
Бұл еріксіздік, теңсіздікке қарсы Ресейдің жұмыскер табы ұйымдасқан түрде бас көтереді. Ресей жұмыскерінің жол басшысы коммунист-большевиктер партиясы, оның жетекшісі жолдас Ленин ұлт мәселесіне өте көңіл қойып, ол ұлт-ұлтты езу, құлдықта тұтуға қарсы күресу керектігін һәм ол күрестің қай түрде болуын ашық көрсетті. Ресей жұмыскерлері Қазақстандағы езілуші ұлт еңбекшілерінің қозғалысына жолбасшы болды. Сол жолбасшылық жәрдемі арқасында барлық ұлт еңбекші табы езілуден құтылды.
Ұлттардың кеңес үкіметі заманындағы тұрмысы
1917 жылғы Ұлы Октябрь төңкерісінде пролетариат табы байлар үкіметін құлатып, үкімет үстемдігін өз қолына алудан-ақ ұлт тәуелсіздігінің түбіне балта шапты. Патша үкіметінің құлдығында езілуші ұлттарға толық ерік беріліп, отаршылықты түп жерінен жоюға кірісті. Ресей пролетериаты мынау қазақ, мынау орыс деп ұлт айыруды қойып, ұлт мәселесін өзінше шешті. Ресейдегі барлық ұлт құқық, еркіндік жағынан бәрі бірдей болды. Әр ұлттың бөлек мемлекет құрып өз алдына өкімет болуына шейін рұқсат деді. Ұлт және дін үстемдігі секілді теңсіздікті жойып, Ресей қарамағындағы барлық ұсақ ұлттардың еркін түрде жасауына жол құрды. Бұл еркіндікті Қазақстандағы қазақ һәм басқа ұлттар еңбекшісіне 1919 жылға дейін жүзеге асыруға мүмкіндік болмады. Өйткені үлкен себептер болды. Қазақтың байлары — байшыл зиялылары өз еркіндігін тілеп, орыс байларымен қатты байланысты, олар сол кезде төңкерісті құлатпақшы болған бай капиталистер жағына шығып, көңілін төңкерістен қайтармақ болды. Еңбекші елдің қозғалысын алдап, өз тілектеріне қаратпақшы болды. Қазақ бай ұлтшылдары байлар пайдасы негізіндегі (алашорда) өкіметін құрып, төңкеріске қарсы шықты. Алашорда үкіметі қазақ ұлтының еркіншілігін байлар тілегіне аударып, байшылдық құрылысты жүзеге асыруды өзіне міндет етіп алды. Ұлы жәһангер мемлекеттердің Ресейдегі пролетариат төңкерісін құлатуға шығарған шабары Колчак, Дутов, Анненковтармен бірігіп4 жаңа түзеле бастаған Кеңес үкіметіне құралды күшпен қарсы тұрды. Бірақ, бұл ұзақ тұра алмады. Октябрь төңкерісін жасаушы Ресей пролетариатына, оның ұлттар азаттығы, теңдігі үшін тастаған ұранына барлық ұлт еңбекшілерінің көңілі толып, сенімі артқаннан алашордадан безе бастады. Коммунист партиясының Қызыл туы астына жиналып, ұлттар теңдігі үшін тастаған ұранды жүзеге шығаруға ұмтылды. Сол кездегі жаңа ұйымдаса бастаған большевик партиясы жетекші болып, қазақ һәм басқа ұлттар еңбекшісі төңкеріс дұшпандарына батырлықпен қарсы тұрды. Партияның үгіттеуі арқасында қазақ еңбекшілері басқа ұлттар еңбекшісімен бірге қызыл әскер қатарына кіріп, төңкеріс жауына қарсы ерлік көрсетті. Егер төңкеріс құласа, өткендегі құлдық қана емес, өлім қорқынышы көз алдында тұрғанын сезген қазақ еңбекшісі өлген-қырылғанына қарамай, бар күшімен төңкеріс дұшпанының қатарын қиратып, туын құлатты. Бай ұлтшылдарды майданнан сүріп, социалистік негіздегі ұлт автономиясын жасауға жол ашты. Кеңес үкіметінің ұлттарға берген еркіндік құқынан пайдалануға мүмкіндік болды.
1920 жылдың август айында Ресей орталық атком һәм Комиссарлар кеңесі автономиялы Қазақстан мемлекетін құруға декрет шығарды5. Сол жылдың сентябрь айында бірінші ардақты кеңес съезі шақырылып, қазақ еңбекшілерінің орталық атқару комитеті сайланды. Міне, сол күннен бастап қазақ еңбекшілері һәм басқа ұсақ ұлттар тұрмысында жаңа дәуір басталды. Кеңес өкіметінің ұлттарға берген теңдігі жүзеге асып, еркін түрде іс істеуге жол ашылды.
Езілген қазақ еңбекшісі құлдықтан құтылумен бірге мемлекет ісін басқаруға ерікті болды. Өз мемлекеті ғана емес, Ресей орталық атқару комитетінің қатарына және де одақтық орталық атқару комитеті қатарына сайланып, басқа ұлттармен тең құқықта болып қалды. Барлық ұлттың құқықты болған заңы шықты. Жерден, судан пайдалануға қазақ еңбекшісі де, бұрынғы қожайын ұлт еңбекшісімен тең болып, отаршылдық деген мүлде жойылды.
Ұлтты езудің тамырына балта шабылды.
Қазақ еңбекшілерінің тілі мемлекет тілі саналып, мекемелерде іс жүргізуге ерікті болды. Түрлі мектептер ашылып, өз тілінде сабақ оқытылды. Қазақстан мемлекетінің баспаханасы түзіліп, қазақ тілінде түрлі кітап, газет, журналдар шығарылып таратылды. Қазақ еңбекшісі мен жұмыскерлер даярлау ісі қолға алынды.
Бай, атқамінерлердің тырнағында езілуші қазақ жалшылары кеңес төңірегіне ұйымдасып, үстемдігі арта бастады. Еңбекші қатын-қыздар ерлермен тең құқықты болды. Қысқасын айтқанда, қазақ еңбекшілдері Қазақстан автономиялы республикасы түзілуімен өздерінің тұрмысына тиісті ауыл шаруашылығы, өнерлі кәсіпті негізінен өзгертіп, жалпы жұмыскер, еңбекшілер пайдасына қаратып, алға бастырды. Ескі патша өкіметі заманындағы отар болып, капитализм тепкісінде езілген Қазақстан әлеуметшілдік социализм негізіне құрылып, тиянақты кеңес республикасы жасалды.
Қазақ еңбекшілдері теңдікке жетумен Қазақстанда жасаушы жиырмаға жақын ұлт еңбекшілері де құлдықтан құтылып, теңдікке жетті. Қазақстан мемлекеті жалғыз-ақ қазақ еңбекшілері үшін десек, бүтіндей қате болар еді. Қазақстан үкіметі қазақ еңбекшілеріне қандай болса, қарамағында болған ұсақ ұлттар еңбекшісіне де сондай. Жергілікті халықтың көпшілігі қазақ болғаннан өкімет қазақ еңбекшілері атына қойылған, барлық ұлт еңбекшілері де қазақ еңбекшілері қатарында өкімет ісін басқаруға, өз кеңестерін құрып, мәдени-шаруашылық істерін істеуге ерікті. Ұсақ ұлт та өз тілінде мектеп ашып, бала оқытуға, мекеме ісін жүргізуге ерікті болып, бәлкі оларға тиісті жәрдемдер берілді. Орыс пролетариаты қазақ еңбекшілеріне жәрдем беріп, мемлекетін құрып, оның нығайып социалистік құрылысқа кірісуіне тілектес екендігін іс жүзінде көрсетсе, осы интернационалдық үлгіні қазақ еңбекшілер де қолданып, іс жүзінде көрсетіп келеді.
Орыс жұмысшылары езілген ұлт еңбекшісінің теңдікке жетуіне қанша қайрат көрсеткен болса, қазақ еңбекшісі де сол үлгіні қолданып келді. Барлық ұсақ ұлттар еңбекшісі қатарға қосуға тиісті шарасын көреді. Оларды кеңеске жақындатады.
Ұлттарды кеңес түзілісіне қатынастыру туралы
Қазақстан ұлт республикасы болумен, түрлі ұсақ ұлттарды ішіне алады. Өзінің он жылдық өмірінде қарамағында болған барлық ұлт еңбекшілерін кеңес құрылыс жұмыстарына, мәдени, шаруашылықты алға бастыру ісіне толық қатынастыруды негізгі міндеттерінен санап, оны жүзеге асыруға тиісті шарасын көрсетіп келді. Бірыңғай ұлттарға поселка, қыстақ, ауыл кеңестерін құрумен ғана қанағаттанып отырған жоқ. Төменнен алып, орталыққа дейін кеңес орындарының бәріне де, қай ұлттың болса да өкілдерін кіргізіп келді.
Партия мен кеңес өкіметінің күн, сағат сайын еңбекші қара бұқарамен байланысып, түрлі деректемелерді тұрмысқа асырып тұратын ауыл, поселка кеңесі болғандықтан, ауылды кеңестендіру күшейтіліп, сонымен қатар төменгі ұлт кеңестері құрылды. 1926 жылғы Қазақстанда болған 3641 ауыл кеңесінен 2258 қазақтікі, 1052 орыстікі, қалған 331 ұсақ ұлттардікі. Бұл сан 28-жылдарға келгенде артып, 480-ге жетті. Қазір Қазақстандағы 3888 ауыл кеңесінен қазақтікі 2199, казак-орыстікі 115, орыс және украиндікі 1209, ұйғырдікі 45, өзбектікі 64, немістікі 40, түркмендікі 8, тәжіктікі 5, дунгандікі 4, тағы басқа (татар, болгар, мордва) ұлттарынікі 18 болып, істеп тұрады. Ауыл кеңесінің саны көбеюмен оған халықтың қатынасы жақсыланды. Сонымен Қазақстанда бір автономиялы облыс, 193 аудан болса, содан қазақтікі 113, қарақалпақтікі 3, өзбектікі 5, ұйғырдікі 2, казак-орыстікі 9, орыс жөне украиндық 47, аралас 13 аудан. Бұл кеңестер, әлбетте, ұлттардың отырған орны, сандарына қарай құрылып, олардың кейбір аралас отырған жерлерінде де лайықты кеңес ұйымдасып отыр.
1927 жылғы Орталық атком мүшесінің барлығы 151 кісі. Содан қазағы 92, орысы 27, ұсақ ұлттары 33 кісі. 1929 жылы Орталық атком мүшесінің барлығы 155 кісі. Содан қазақ 48, орыс 30, ұсақ ұлттары 41 кісі.
Бұлардан басқа орталық наркоматтардың қайсысында болса да әр ұлттан кісі бар. 1927 жылдан бастап орталық наркоматтарға ұсақ ұлт өкілдерін төменнен жоғарылату ісі күшейді. Осы күннен орталық мекемелердің қайсысында болса да ұсақ ұлттардың жауапты қызметте отырғандары бар. Мұндағы бір қиыншылық ұсақ ұлттардың надандығы, артта қалғандығы себепті, олардан жұмысшылар өте аз. Екіншіден, олардың кеңестерімен байланыс жасағанда тіл мәселесі қиындау соғады. Соның үшін бұлардан жұмыскер даярлау мәселесіне көңіл қойылып келеді.
Жергіліктендіру мәселесі
Қазақстан құрылғаннан бері негізгі саясаттың бірі ұлт мәселесін дұрыс шешу болса, соның бір маңызды бөлшегі етіліп жергіліктендіру мәселесі алынды. Ол күнделік міндеттердің бірі етіп қаралды. Бұл істің жүзеге асуының барлық жұмыстарға да маңызы барлығын көрсетіп келді.
Жергіліктендіру жалғыз-ақ қазақ үшін деп түсінушілер де болды. Бірақ ол қате. Жергілікті халық ішінде көпшілік орын тұтушы қазақ болу себепті, бұл жұмыста да қазақ еңбекшісі көп ескеріледі: көбірек сайланды. Бұдан басқа ұлттарға дәнеме жоқ деп түсінуге жарамайды. Бұл мәселені өкімет Қазақстандағы барлық ұлтқа бірдей қылып шешеді. Қазақтың тілін мемлекет тілі қылып жүзеге шығарса, басқа ұлттардың тілін өз аудандары ішінде жүзеге асырып, өкімет тілі санайды. Әр ұлттың өз ауданында өз қызметкерінен қойып, өз тілінде іс жүргізілсін дейді. Қатта ауданы болмаған ұлттардың ауыл, қыстақ кеңесі ішінде де өз қызметкері, өз тілі болсын дейді.
Жергілікті халық ішінде көпшілік орын тұтушы қазақ халқы болғаны үшін өлкелік мемлекет тілі болып, соның тілі есептеледі. Бұған ешкімнің таласы болмауға тиісті, мекеме қызметкерлері болса да солай. Көпшілік орын тұтушы халық арасындағы мекемеде сол халықтың өзінен қызметкер отырып, барлық жұмыс сол тілде жүргізілсе өкіметтің жұмысы тез алға бармақ. Неге десең, жалпы қара бұқара өз мұңын толық айта алса, әлгі мекеме де толық түсіне алады, сонымен партия һәм өкіметтің жолы дұрыс және толық жүзеге асырыла қояды. Сол себепті жергіліктендіру жұмысы артта қалған қазақ еңбекшілерін және ұсақ ұлттарды да өкіметке, өкіметті оларға жақындата алады.
Надан халық арасында ескі патша өкіметінің қалдығы әлі күнге дейін күшті. Залым патша өкіметінің заманында мекемелердің бұқараның арызын тыңдамай, оларды жебірлегенін баста айттық. Түпкірдегі надан халық әлі де сол залымдық бар ғой деп ойлайды. Жергіліктендіру жүргізіліп, мекеме қызметкерлерінің жұмысы жергілікті тілде болуымен баяғы залымдық жоқтығы ашық көрінеді. Қара бұқара мен өкімет арасы жақындасады.
Бұл мәселеге ұлы орыс ұлтшылдығы кедергі болады. Ұлы орыс ұлтшылдығы ескі отаршыл, қанаушылар пікірі болып жергіліктендіру жұмысына теріс қарайды. Осы іс арқылы аузынан наны кететіндей көпіріп, қолайын тауып ақсатуға ұмтылады. Олар бұл мәселені орыстарға қарсы саясат деп, кедей мен орташаны алдайды. Бұл әсер кейбір партия мүшесі, кеңес қызметкеріне де тиіп, істі алға бастырмауға себеп болады. Бұл пікір, жергіліктендірудің маңызын білсе де, өз қара басы қамы үшін бұрмалайды. Бұл пікір партия һәм өкіметтің жолына қарсы пікір, мұнымен күресу керек. Бұл мәселеге Қазақстандағы жергілікті ұлтшылдар байшылдық көзімен қарап, өз жолына салмақ болған еді. Қазақтың байшыл ұлтшылдары бұл мәселені өз мүддесіне пайдаланбақ болып, бұл туралы өкіметтің жоспарына қанағаттанбаған болды. Олар сол жалғыз-ақ қазақ халқын ғана алып, басқа ұлттарды естен шығарып қойды. Бұл істің жалпы еңбекшіл бұқараға пайдалы негізде белгілі жоспармен жүзеге асуына сенбеді. Олардың айтуынша, бұл мәселені науқандай өткеріп, қазақтан кім болса соны іске қоя беру керек, кедей елден жұмысшы даярлау, тиісті жұмыс құралдарын қамдап барып кірісуге көнбейді. Шынында, олар мекеменің ісін былықтырып, негізгі міндеттерді орындаудан тоқтатпақ. Қазірге дейін мұнымен күрестік, әлі де күресу керек.
Қазақстан мемлекетінің партия, өкіметі бұл мәселеге өте көңіл бөліп, талдап, шешіп келді. Бұл жұмыс дұрыс орындалса ұлттар арасындағы араздық, бір-біріне сенбеушілік жойылатындығын түсіндірді. Мұның барлық іске де пайдасы барлығын көрсетіп, еңбекшілерді қатынастырумен болды. Қазақстан өлкелік партия комитеті өзінің пленумында әдейі жергіліктендіру мәселесін тексерді. 1928 жылдың декабріндегі бесінші пленумында жергіліктендіру жұмысының міндеттері көрсетілді. Бұл мәселенің интернационалдық жағы басым болу керектігін белгілеп, қаулы шығарды. Бұл қаулыда: "Жергіліктендіруге тап негізімен кірісіп, интернационалдық, қоғамшылдықпен шаруашылықты социалистік негізде қайта құру міндетіне байланыстырып, Қазақстандағы барлық ұлттарға теңдей бірдей пайдасы тиетін етіп өткеру керек" деді.
Әрбір ұлт аудандарында, ауыл, қыстақ, поселке кеңестерінде, сондағы барлық мекемелерде сол ұлттың өзінен қызметкер болу тиісті. Мекеме жұмысы сол ұлт тілінде жүргізілуге тиісті. Крайлық мекемелер сол ұлт аудандарымен өз тілінде байланыс жасауға міндетті. Аудандық мекемелер өз қарамағындағы ұлт кеңестерімен өз тілінде байланыс жасауы керек. Барлық өлкелік, аудандық, мекемелер осы тәртіпке қарай жұмыскер даярлап, жұмыстарын сол негізде жүргізу керек. Міне, осы түрде Қазақстан өкіметі жергіліктендіру жұмысын орындап келеді.
Бұл жұмысты орындауда үлкен-үлкен қиыншылықтар бар. Барлық ұлттың тілін білетін қызметкерді һәм іс жүргізу құралдарын бірден төрт түлігін сай қылып табу қиын. Олардың бәрін даярлауда бірталай уақыт керек. Бұған жанаса ұсақ ұлттардың надандығы күшті. 90 проценті сауатсыз, тағы осы секілді толып жатқан кемшіліктер істің тез алға баспауына себеп болып келеді. Осыларды еске алып, Қазақстан өкіметі өзінің он жылдық өмірінде неше түрлі курстарды ашты. Көп жұмыскерді төменнен жоғарыға да көтерді. Түрлі қаулы-бұйрықтар да берді. Олардың нәтижесі көзге көрініп отыр. Өлкелік мекемелерде, темір жолдарда, түрлі өндіріс орындарында бұдан неше жыл бұрын жергілікті халықтан кісі болмаушы еді. Осы күнде қай орында болса да қазақ және басқа ұлттардан қызметшілер бар. Аудандық мекемелер болса, 70 процентке дейін жергіліктеніп отыр. Поселке, қыстақтар 100 процент жергіліктенген. Біздегі ең үлкен кемшілік түрлі маман қызметкерлер жоқ. Мұны жоспармен, оқу арқылы даярламаса болмайды.
Жергіліктендіру шаруашылықты қайта құру, өнеркәсіпті алға бастыру шараларымен байланысты болып, белгілі жоспармен орындалмақ. Сол себепті бұған бесжылдық жоспар түзіліп отыр. Сол жоспарда жергілікті ұлттар тілінде іс жүргізу, қызметкер даярлау — барлығы да көрсетілген. Жоспарды орындау барлық ұлт еңбекшілерінің міндеті.
Мәдениет құрылысында ұлттардың жайы және қызметшілер даярлау
Мәдениет құрылысы мәселесі Қазақстанда бастан-ақ өте кескін түрде қойылған еді. Еңбекші елдің тұрмысын жақсарту біліммен ғана болады. Ұлт республикасы болған Қазақстан социалистік құрылысты күшейту үшін мәдени, білімді қызметшілер аса мұқтаж, социалистік құрылыстың алға басуы үшін мәдени-ағарту ісі ең маңызды орын алады.
Мәдени-ағарту ісіндегі кеңес өкіметінің мақсаты жалпы еңбекшілердің білімді болуын тілейді. Қазақстанда бұл мәселе ұлт мәселесімен байланысты жүргізіліп, артта қалған ұлттардың алға басуына негізделіп тұрмысқа асырылады. Біз Қазақстанда патша өкіметінің ұлт мәселесі, мәдениет құрылысында қандай саясат тұтқанын көрсеттік. Қазақстанның 10 жасқа шыққан дәуірінде, мәдениет құрылысында үлкен табыстары бар, бұл табыстың ұлт мәселесінің шешілуімен байланысты болып келуі көңілді қанағаттандыра алады. Қолданылып отырған шараға қарасақ, қолдан келген күшті аянбағандықты көреміз.
Мектептердің санын молайту, мұғалімдерді даярлау, сауатсыздықты жою үшін неше түрлі шаралар көрілді. Оларды бір-бірлеп көрсетіп шығу ұзақ уақыт алады. Сондықтан оның ең үлкені қаражат жағын көрсетейік.
26-27 27-28 29-30
Жалпы Жалпы Жалпы
сомы проц. сомы проц. сомы проц.
Мемлекет 4004700 29,7 4315122 31,4 4329800 33,9
бюджеті
Жергілікті 8521306 28.2 11669900 28,4 16333700 28,7
Бұл көрсетілген сандарда өсу үлкен болмағанмен, Қазақстандағы жалпы қаражаттың тұтқан орны белгілі. 1927 жылғы мағлұмат бойынша, жұмсалған қаржы жан басына 1 сом 35 тиыннан келеді.
1925 жылдары жергілікті халықтан жалпы сауатты болғаны екі-үш проценттен көп емес. 1927 жылдары жалпыдан 8 процент сауатты болған. 28-29 жылғы мәліметке қарағанда, ауыл, қыстақ халқының сауатсыздығы былайша:
Қазақ 89,5 процент
Қарақалпақ 97 процент
Өзбек 99 процент
Ұйғыр 87 процент
Басқалары 51 процент
Бұл көрсетілген сандар 1927 жылдарға қарағанда, сауатсыздардың кемігенін көрсетеді. Егерде қала халқының 16-дан 50 жасқа дейін, ауыл халқының 16-дан 36 жасқа дейінгілерінің сауатсызын алып қарасақ, 1928-29 жылдардағы мәлімет бойынша 1885900 кісі, осы санға сүйеніп сауатсыздықты жоюға жалпы жоспар түзілді. Бұл жоспар 1932 жылда бітпек болып, оның жылдарға бөлінген ережесі мынау:
1929-30 жылы 462450
1930-30 жылы 733640
1931-32 жылы 789900
1885900 кісі.
Ұлттар арасындағы сауатсыздықты жою ісін алға бастыру мектеп құрылысының күшеюіне байланысты. Бастауыш оқуды күшейту, мектеп сандарын көбейту сауатсыздықты жоюдағы міндеттердің маңыздысы. Сауатсыздықты жоюдың алға баспауы жалпыға міндетті бастауыш оқудың іске асырылмағанынан келеді.
Неге? Мектеп жасындағы балалардың оқи алмай қалғандарының жасы толып, сауатсыз кісі молая береді. Оны төмендегі саннан көреміз.
Міне, бұл жоғарыдағы кесте-таблицадан 27 жылға қарағанда, жақсы ғана алға басқанымыз көрінеді. Бірақ та қазақ, қарақалпақ, өзбек балаларының санынан көп ауысып қалғандары бар. Олар сол сауатсыздардың көбеюіне жол қойып тұрады.
Мектеп жасындағы балалардың оқудағыларының 8-ден 11 жасқа дейінгілері
Жалпы санның процентпен көрсетілуі
Ұлттары 1927 жыл 1928 жыл 1929 жыл
Қазақ 15 32 34,7
Орыс 55 64 73
Татар 50,9 63 78
Ұйғыр 31,9 40 51
Дунған 18 26 40,9
Өзбек 17 21 25
Қарақалпақ 12 16 30,8
Басқа күншығыс
ұлттары 55 62 66,6
Ол ғана емес, тағы да бір қиын болған нәрсе — оқудағы балалардың жастарының келісімді болмағаны, ұлттардың бірінші басқыш мектептеріндегі оқушылардың жастарының лайықты еместігі. Мысалы: бірінші басқыш мектеп қазақтан 12 жасқа дейін 22,7 процент.
Европалық 54,1 процент.
Ұйғырдан 45 процент.
Басқа ұлттарда да солай болып 12 жастан жоғарыдағы оқушыларды алып қарағанда, тағы да кері түрде екенін көреміз.
Бірінші басқыш мектептен қазақтан 12 жастан жоғарыдағы 77,3 процент.
Орыстан 45,9 процент.
Ұйғырдан 54,6 процент.
Мәдениет құрылысындағы ең үлкен табыстың бірі жалпыға міндетті бастауыш оқуды тұрмысқа асыруға кіріскендігіміз. Қазақстанның ҮІІ партия конференциясының қаулысы бойынша, жалпыға міндетті болған бастауыш оқуды, бастауыш мектеп курстарды 1930—31 жылдан бастап 1935—36 жылдар толығымен жүргізілмек. Соған жалпы жоспар түзіліп, сол бойынша Қазақстандағы барлық ұлттар арасында да жүзеге асырылғалы отыр. Бұл мәселені жүзеге асыру ұсақ ұлттар үшін өте маңызды.
Барлық бірінші басқыш мектептерден көбірек ауылдарда жасы толғандардың проценті 32-ге дейін барады. Ұлт мектептерінде соңғы уақыттарда қыздардың саны көбейді. 1930 жылда орта есеппен қыздар 13 процентке дейін мектепке тартылған.
Мәдениет құрылысындағы оңайсыз қиын жұмыстың бірі мектеп үйлерінің көбісі ғылым жағынан қарағанда жарамсыз болып шығады. Мектепке арнап салған үй бұрын да өте аз еді. Соңғы уақыттарда бұ да жөнделіп келеді.
Сауатсыздықты жою бірінші басқыш мектептердің санын молайтып, оқушы, оқытушыларды көбейтумен бірге орта, жоғарғы білім беруші орындарды күшейту керек. Орта, жоғарғы білім беру мәселесі ауыл, қыстауда нашар болып, қалалық жерлерде ғана жақсы.
1928 жылы Қазақстанда орта дәрежелі ұлт мектептері оқушылар саны мынадай:
Ұлттар
7 жылдық
9 жылдық
Шаруа
жастары
мектебі
Барлығы
Қазақ
Орыс
Басқа ұлттар
Барлығы
мектеп
20
46
7
73
оқушы
3299
15437
1102
19874
мектеп
5
27
2
34
оқушы
1125
9551
420
11096
мектеп
9
18
-
27
оқушы
367
1718
-
2085
мектеп
34
91
9
134
оқушы
47761
26742
1522
38055
Бұл қиыншылықтан шығу жолында техникумдардың саны молайтылып келеді. Жалпы жоғарғы оқу орындарын тездікпен көбейтуге шара көріліп келеді. 1929 жылдан бастап екі жоғары оқу орны құрылды: Қазақ мемлекет университеті және мал дәрігерлерін даярлау институты7. Бұл екеуінің де түрлі бөлімдері бар. Келесі жылы тағы да ауыл шаруашылық институты, докторлық және тау-кен институты ұйымдастырылмақ. Осылардағы оқушылардың ұлт жағын қарағанда қанағаттанарлық, қазақ және күншығыстық ұсақ ұлттар жалпы санның 57 процентін тұта алады. Қазақстанның сырттағы, Орта Азиядағы оқу орындарына да көп оқушылар жіберілді. Олардың ұлт жағынан: қазақ және күншығыс ұсақ ұлттар жалпы санынан 63 процентін тұта алады. Бұл жоғарғы мектептерге оқушылар алғанда ұсақ ұлттардан жетерлік дәрежеде алынуына көңіл қойылып отыр. Ұсақ ұлттардан қызметшілер даярлау мәселесі Қазақстанның бесжылдық жоспары бойынша даярланатын қызметшілермен қосыла даярланбақ.
Қазақстандағы бір қиын болған нәрсе ұлт баспаханасын жолға қою болған еді.
Соңғы уақытта бұл іс те жөнделіп келеді. Осы кезде қазақ тіліндегі өлкелік және аудандық, барлығы 78 газет шығып тұрады. Бұлардың ең төмені жұмасына екі рет, жоғарғысы күнделік болып шығады. Қазақ тілінде түрлі журналдар да бар. Ұсақ ұлттар тілінде — қарақалпақша бір "Ментөкш Қарақалпақ", ұйғырша бір "Кәмбәғәлләр ауази", өзбекше бір "Қызыл қышлақ" газеттері шығады8. Европалық ұлттар тілінде де газет, журналдар бар. Қазақстанда баспасөз жұмысы 1920 жылдан басталып, он жыл ішінде жақсы ғана алға басты. 1920 жылдан 1929 жылға дейін қазақ тілінде 500-ге жақын атпен екі миллиондай экземпляр кітап шығарылған. Қарақалпақтың өз тілінде оқу және басқа кітаптары шығып тұрады. Ұсақ ұлттар тілінде оқу құралдарын шығару қиынырақ болған еді.
Ұйғыр, дунған ұлт тілінде өріп және оқу кітаптары болмай, қиыншылыққа ұшырап келген едік. Жаңа латын әрпіне көшумен оны да жөндеуге мүмкіндік болды.
Мәдениет құрылысында тағы үлкен бір табыс қазақтың латын әрпіне негізделген әліппесін тұрмысқа асырғандығымыз. Латын негізіндегі әріп 1928 жылдан басталып, мемлекет әрпі саналып отыр. Жақын арада бүтін жазу істері латын әрпіне көшіп болмақ. Күншығыстық ұсақ ұлттардың да әріптері латын негізіне аударылып отыр. Қазақстанда қазақ зиялыларынан бірнешелері латын негізіндегі әріпке және жалпы мәдениет құрылысындағы кейбір істерге ұлтшылдық көзбен қарап қарсы шықты. Олар қазақ еңбекшілерінің мәдениетін байшыл ескішілдік жаққа қарай сүйреп, еңбекшілер мәдениетін менсінбеді. Бұл ағым ескі алашорданың қалдығымен байланысты.
Қазақ еңбекшілерінің өсуі, саяси сезімінің артуымен ұлтшылдардың пікірі шетке қағылды. Соңғы уақыттарда олардың пікірінің залалды екендігі жалпы еңбекшілер арасында мәлім болып, онымен күресуге кірісілді. Ұлтшылдардың бастықтары мәдениет майданынан шетке шығарылды, қалдықтарымен алда күресу керек.
Күншығыс ұсақ ұлттары арасында да мәдениет құрылысына қарсы ұлтшылдық көзқарас бар еді. Олардың да негізгі пікірі байшыл, ескішілік болып, еңбекшілер мәдениетіне жатпаушы еді. Тараншы, дунған, қарақалпақ секілді ұлттардың арасында мәдениет жүзіндегі жұмыстарға қанағаттанбағандай қарсы болып, негізінде сол байшыл пікірге қарап, бұрмақшы еді. Соңғы уақытта олармен де күрес басталып, шын еңбекшілер мәдениетін құруға кірісіп келеді.
Ұлт мәдениеті ұлтшылдардың айтқанындай құрылмайды. Жаңа кеңес жолымен тап негізінде, интернационалдық жолмен құрылуы керек.
Ұлт мәселесінің шаруашылық құрылысында шешілуі
Тарихи себептермен жергілікті ұлттар арасында шаруашылық теңсіздігі болғаны баста айтылды.
Қазақстан ұлт кеңес республикасы құрылумен шаруашылық еркіндігі басталды. Орыс ұлтының үстемшілігі, зорлықпен алған жерлері қайтарыла бастады. Жердің меншікті мүлік болуы бұзылып, көпшілік әлеуметтік болды. Жер сату жойылып, оның тең пайдалануға жалпы бұқара ұқыпты болды. Шаруашылық негізімен ұлт-ұлтқа үстем болу бітіріліп, теңдік, еркіндік берілді. Қазақ ұлты және ұсақ ұлттар еңбекшілерінің неше жылдар күткен, көксеген мәселелеріне көңіл қойыла бастады.
Тарихи жанжалды мәселелердің бірі жер мәселесі болып, мұның себебінен ұлт араздығы туғанын айтқан едік. Сондықтан жер мәселесін шешу ұлт мәселесімен байланысты болды. Қазақстан үкіметі бұл мәселеге бастан-ақ көңіл қойды. Бұл мәселенің барлық ұлт, кедей, орташаларының тілегіне қарай тап негізінде орындалу жағын көздеді. Тап мақсатын алға қойып іске кірісті. Бірақ бұл мәселеге, бастапқы кезде, ескі алашорданың қалдығы байшыл-ұлтшылдар кесірлік жасады. Қазақтың байшыл ұлтшылдары жер мәселесінің жалғыз-ақ қазақ ұлты үшін шешілуін қуаттап, басқа ұлттар кедейлерін естен шығарып қойды.
1925 жылғы Қазақстанның V партия конференциясында ұлтшылдар өз пікірін өткізіп, жерге орналастыру жұмысына кезек түзілді9. Алдымен жерге қазақ орналастырылсын, орыс, басқа ұсақ ұлттар екінші, үшінші кезекте орналастырылсын, жерден пайдалану мөлшері де осы түрде болуға, қазақтарды жерге орналастыру үкімет есебінен, басқа ұлттарға жер заңына муапық жер бөліп берілсін деген еді.
Мәселенің бұлай шешілуі ұлттар арасында қайтадан жанжал тудырды. Неге десең, қоныстандыру жұмысы жүргізілгенде қазақтың байы үкімет қаржысына қоныстап, орыс, басқа ұлт кедейі кезегі жеткен күні өз қаржысына қоныстанарға керек, екіншіден, жер біткеннің бәрі қазақтарға беріліп, басқалар кезегі келгенше қарап тұруы керек. Солай болып ұлттар арасында бірдейлік, теңдік болмай қалды. Бұған басқа ұлттар наразылық білдіріп, Қазақстан бізге көңіл бөлмейді, біз өгей бала болдық деп орталыққа шағым үстіне шағым түсірді. Жерден пайдалануға теңдік болса, ел қатарлы сыбағамызды беріңіз деген тілектерін қоя бастады. Дұрысында, ұсақ ұлттар бұл мәселені қоюға ерікті еді.
Бұл жанжалдар Қазақстанның VI партия конференциясының қаулысымен жөнделді10.
ҮӀ партия конференциясы өзінің қаулысында былай деген еді:
"Жерге орналастырудың кезекке бөлінуі қалдырылсын, қазақ, орыс деп ұлт-ұлтқа бөлінбей, тап жолы, тап мақсаты қолданылсын, жерден пайдалану мөлшері бірдей түзілсін. Қазақ шаруасы нашар болғандықтан, оларға жердің молырақ берілуі есте болсын, жерге орналастырғанда бар ұлттардың кедейі, орташалары бірдей үкімет қаржысы есебіне алынсын".
Қазақстандағы жаппай қоныстандыру мәселесі тұрғын ел еңбекшілері мен тұрғын европа халқы және шығыстық ұлттардың бай, кулактарына қарсы күштерін біріктіретін болып орындалуы алға қойылды. Бұл жұмыста қазақ, орыс демей, барлық ұлттардың кедей, орташасының мүддесі қозғалып, бай, кулакқа қарсы күресте тапшылдық бірлігін күшейтуге жол түзелді. Солай болып ұлтшылдардың пікірі шетке қағылды.
Осы деректемелерді, қаулыны жүзеге асыра алдық па? Толығымен асыра алдық.
Бірінші, егіндік, шабындық жерлерді кедей, орташаларға бөлістіру жүргізілді. Шабындықтан 1136000 гектар, егістіктен 1250000 гектар жер кедей, орташаға бөлістірілді. Осыдан батырақ пен кедей 700000 гектар шабындық және 741000 егіндік жерге ие болды. Орташа 436000 гектар шабындық, 508000 гектар жер алды. Бұл кедей мен ортаның шаруасын күшейтіп, байлардың күшін кемітті, екіншіден, ауылда тап сезімін күшейте алды.
Екінші, байлардың, жарым феодалдардың күшін кеміту, оларды мүлде жою үшін конфиске жүргізіліп, 1928 жылы 609 ірі байдың мал-мүлкі конфискеленіп, өздері жер аударылды. Бұлар ылғи кеңес жұмысына белсене дұшпандық жүргізіп, партия мен үкіметтің ол үшін қолданатын негізгі шарасын жүзеге асыруға кесір болатын жуан жұдырықтар еді. Олар сол бұрынғы ескі қанаушылдықты және түрлі сұмдықты күшейтуші, елдің бірлігін қашырушы лайсаңшылдар еді. Елдің тұрмысын жақсартуға жол бермеуші еді. Солар конфискеленіп, 144474 бас ірі малдары алынып, 20626 маңдайында түгі жоқ батыраққа берілді. 293 колхоз, 5 совхоз ұйымдастырылды.
Үшінші, 1927 жылдан 1929 жылға дейін тап негізімен 257615 шаруа жерге қоныстандырылған. Мұнда Қазақстандағы ұлт еңбекшілері де бірдей қоныстандырылды. Осымен ұлттар арасындағы татулық күшейді.
Орта шаруаларды қоныстандырумен қарап қалмастан, олардың шаруашылығын өркендетуге үкімет тарапынан қарыз ақша беріліп тұрды. Мұнда көбірек артта қалған ұлттардың қожалығын көтеру жағы есте тұтылды. 1928 жылы 17547 мың сом, 1929 жылы 18552 мың сом қарыз берілді. Жұт, басқа түрлі апаттармен күресуге соңғы жылдары мемлекет және жергілікті бюджеттен 1900000 сом ақша жұмсалды. Барлық ұлттардың кедейлері салықтан құтқарылды.
Ауыл-қыстақтағы шаруалардың керек-жарағын жеткеру үшін кооператив орындарының саны өсірілді.
1927 жылы барлық кооператив орны 312, мүшелері 110 мың болып, ұсақ ұлттардан 6,3 процентін ғана тұтқан еді.
1930 жылы кооператив орындары 748, мүшелері 430700 болып, жергілікті халықтан 53,3 процентін тұтты: шаруашылыққа керекті соқа-сайман, машиналар жетерлік дәрежеде берілді.
1930 жылға қарағанда, совхоздардың саны өсті. Егін салу, мал асырау һәм басқа да барлық совхоздардың саны 80-нен асады. Бұларға көбірек жергілікті халықтан, һәм ұсақ ұлттардан тартылған. Колхоздың әр түрдегісінің бері қосылғанда 700-ге барады.
Тағы да көшпелілерді отырықшы ету үшін 1930 жылы жоспар түзіліп, 344000 шаруаны отыртуға 300 миллион сом белгіленіп отыр.
Түкпірде жатқан елдерге теміржол салынып жатыр. Олардан Түркістан-Сібір темір жолы 1930 жылы жеткеріліп іске кірісті.
Өндіріс орындары күшейтіліп, алға бастырып келеді. Осы жұмыстар нәтижесінде Қазақстанда ұлт алалықтары жойылып, бірлесу, күш біріктіру нығайып келеді. Сонымен бірге Қазақстанда пролетариат өсіп келеді.
1926-27 жылы Қазақстандағы бүкіл пролетариаттың саны 193855 болып, жүз процент болса, 1929-30 жылы 229004 болып, 1048 процент артқан. Бесжылдық жоспардың ақырында 1932-33 жылда 822579 болып, 4243 процент артпақ. Осының ішінде барлық ұлт еңбекшілерінен де бар.
Ұлт мәселесінің шаруашылық жолымен шешілуінің толық қорытындысын жасау үлкен іс. Біз мұнда көбірек ауыл шаруашылығы жайындағы бірсыпыра істелген істерді ғана көрсеттік. Өнеркәсіп, жол қатынасы, тағы сол секілді жөндерде орындалған жұмыстар көп. Жаңа басталып жатқандары да бар. Мұның толық қорытындысы бесжылдық жоспардың орындалуымен болмақ. Қазақстанның VII партия конференциясы бұл турада мынадай тура жол көрсетті":
"Бесжылдық жоспар пролетариаттың және Қазақстандағы барлық еңбекшілердің тапшылдық бағытын бекемдеп, ұлттар арасындағы мәселенің мәдени, шаруашылық негізімен толық шешілуіне себепкер. Бай-кулактармен аяусыз күресу, Қазақстанның социалистік қайта құрылысы үшін барлық еңбекшілерінің күшін біріктіре алады".
Конференция қаулысы мәселенің негізін тіпті ашық айтқан. Ұлт мәселесінің шаруашылық негізімен толық шешілуі бесжылдық жоспардың орындалуымен байланысты. Барлық ұлт еңбекшілерінің міндеті бесжылдық жоспарды төрт жылда орындау болуы тиіс.
Партия құрылысы
Ресей капиталшылдары отаршылдықта жасаған Қазақстан қарамағында ірі өнеркәсіпті алға жіберу ісіне қызықпады. Өндіріс орындары өте аз болды. Кейбір бар өнеркәсіп орындарына, болса да жергілікті халықтан жұмысшы алған жоқ, алса да өте аз.
Сондықтан Қазақстан қарамағында жалпы пролетариаттың саны аз болып, жергілікті халықтан мүлде аз еді. Бар пролетариат және ауылдағы кедей батырақтар да тарау-тарау түрде болып, олардың қатынас жағы оңайсыз еді. Олардың істейтін, күнелтетін орындары темір жолдан, мәдени жерлерден шетте еді. Осындай тарихи себептермен Қазақстан пролетариаты арасында партия ұйымын ерте бастан күшейтуге мүмкіндік болмады. Жұмысшы, кедей-батырақтардың тарау түрде өте артта болғандары, олар арасында төңкеріс ісін жүргізіп, ұлт белсендісін даярлауға қиындық келтірді.
Осы сияқты себептермен қазақ, басқа ұлттардың еңбекшісі Октябрь төңкерісіне өздерінің өте аз санды коммунистерімен кірісті. Октябрьден соң, кеңес үкіметі құрыла бастаумен қазақ жөне басқа ұлттардың коммунист партиясына кіруі басталады.
Азамат соғысы кездерінде қазақтан көп кісілер партия қатарына кіре бастайды. Ол уақыттарда партия ұйымы күшті болса да, мүшелердің көбі қызыл әскер және оның бастықтары, саяси жетекшілерден болып, олардың көбі азамат соғысы біткен соң таралып кетті. Қалайда сол уақыттағы, Орынбордағы партия ұйымына12 қазақтан және басқа жергілікті ұлттардан тартылған мүше аз еді.
Қазақстан республикасы құрылған соң, партия ұйымы қазақтан көптеп мүше тарта бастайды. Бірақ та, ол уақытта қала, поселкадағы кісілерден көп тартылып, ауылдағы шын кедей-батырақтар арасында іс жүрмей келді. Көп орындарда партияға тап жағынан жат оқымысты бай балалары, алашордашылардан да кіргендері болды. Қарақалпақ облысы секілді түкпірдегі орындарда ишан, молда һәм оның балалары да кіріп қалды. Себебі, ол кезде кедей, батырақтардың тап сезімі күшті емес еді. Сондықтан бастапқы кезде Қазақстандағы партия ұйымында алауыздық, жікшілдік күш алды. Байшыл, ұлтшылдық көп болды. Бұқараны, үкіметті партия ұйымы басқармай, жікшіл "көсемдер" басқарып та жүрді.
Қазақстан республикасы құрылудан бастап, партия ұйымының алдында үлкен-үлкен міндеттер тұрған еді. Орталық Партия Комитетінің қаулыларын артта қалған Қазақстанда жүзеге асыру керек. Мұндағы төңкерістің нәтижесімен істелетін ұлт мәселесі, мәдени, шаруашылық жұмыстарына саяси жол басшылықты күшейтіп, барлық жұмыста тап күресін кескіндету керек болды. Міне, осындай зор міндеттерді орындай бастағанда Қазақстандағы партия ұйымының жетекші орындарындағы қызметкерлер арасында кейбір жолдастар партияның ұлы жолынан тайсала бастады. Партия деректемесін орындағанда байшыл-ұлтшылдық көзімен қарап бұрмалай бастады.
Сол уақыттағы жікшілдікті зорайтқан Қожанұлы жолдас13 1927 жылғы өлкелік комитетке жазған хатында: "Партияның ұлы жолына ұлтшылдық көзбен қарап, бұрмалағаным рас" деп жазады, (ол соңында қатесін мойнына алды).
1925 жылдың күзінде болған Қазақстанның Ү партия конференциясы жіктердің тобын тоздырып, қатарын бұзды. Жікшілдік, байшылдықпен күресіп, партия ұйымының әсерін, жетекшілігін күшейтуге кірісті. Бұл уақыттарда партия қатарында қазақ және басқа ұлттардан белсенділер де көбейіп, салт-санасы берік коммунистер шыға бастайды. Ауыл коммунисін шығару ұраны тасталып, ол жүзеге асырылады. Партиядағылар тұрмыс жағынан да түзеле бастайды. Баяғы "көсемдерге басқаруға жол берілмей, шын партия ұйымы болып партияның директивасын тұрмысқа асыруға мүмкіндік туады. Төмендерде партия ұйымдарының саны молайып, жікшілдікті бітіру және мәдени, шаруашылықты өркендететін жұмыстарды қолға алуды мықтап талап етті. Партия ұйымының бұл мақсаты Қазақстанның ҮӀ партия конференциясында жүзеге асты.
1927 жылдың күзіндегі ҮӀ партия конференциясы сол уақыттағы жікшілдіктің сырын ашып, партияға залалды екенін көрсетті. Ондағы "садуақасовшылдық" жігінің байлардың пікірі екенін белгілеп, оны бітіруге жол түзді. Ол жіктің тілегі: "Қазақстанды кеңес үкіметіне бағынбайтын үкімет жасау, кеңес одағының шаруашылығына байланыстырмай өнеркөсіп құру, қазақтың байы мен кедейін айырмау, тағы-тағылар" еді, Ленин партиясының қызыл туы астына жиналған кедей, батырақтар "садуақасовшылдық" тамырына балта шапты, оның қалдықтарын да жоюға кірісті.
Қазақстанның он жылдық өмірінде партия ұйымы түрлі жіктерді жеңіп, өзінің қатарын түзеді; жат адамдардан тазаланды. Онымен мүшелердің жалпы саны кеміген жоқ, нағыз кедей, батырақтардан, өндіріс орындарындағы жұмысшылардан көп алынды.
Қазақстандағы партияға мүше, кандидаттарынын тұрмыс жағына қарағанда мынадай: (процент есебімен)
Жылдар
1928 жыл январь
1929 жыл январь
1930 жыл апрель
Жұмысшы
33,3
35,3
45,2
Шаруа
44,6
44,1
48,6
Кеңес қызметкері және басқалар
22,1
20,1
16,3
Өндіріс орнындағы жұмысшы
21,3
25,3
34,7
Барлығы
100 %
100 %
100 %
Партияның қатары түзелуімен ұлт коммунистерінің саны молайды. Барлық мүше және кандидаттарды ұлтқа айырғандағы саны мынадай болып шығады:
Ұлттар 1927 жыл 1930
мүше, мүше
кандидат кандидат
саны % саны %
Қазақ 11959 39,0 21211 44,9
Орыстар 12041 38,3 17475 37,0
Украиндықтар 3425 10, 9 4098 8,1
Күншығыс
ұсақ ұлтар 2828 9,0 3097 6,6
Еуропалық
Ұсақ ұлттар 1323 3,8 1369 2,8
Барлығы: 31455 100 % 47250 100 %
Партия ұйымында әйелдердің саны да артып келеді. Олар коммунистердің жалпы санына үстіміздегі жыл 19 процент тұтады. Әйелдерден белсенділер даярланып, жауапты жұмыстарға да қойылып отыр.
Жастар ұйымының мүшелерінің саны өсумен қатар да жақсыланып келеді. 1928 жылы барлық мүшесі 63218 болса, 1929 жылы 96559 болды. Жұмысшы, батырақ 27,5 проценттен 32 процентке жетті. 1927 жылы 32 мың жас ұландар мүшесі болса, 1929 жылы 54 мыңға жетті.
Жастарға тәрбие беру жұмысы ең алдыңғы міндеттерден саналып келеді.
Ұлт коммунистерін молайту, оларға интернационалдық тәрбие беру жұмысы алдыңғы қатардағы міндетіміз болып келеді. Әлі де сол жұмыс күшейтілмек. Мұнан былай ұлт коммунистері партия жолынан тайсалушылармен күресіп, шын большевик болу керек. Салт-сана майданында батырлық көрсетіп, жергілікті ұлтшылдық ұлы орыс ұлтшылдығымен күресу керек. Ұлт кедей, батырақтарын партияға тартып, нағыз коммунист партиясын құрып, оның ұлы жолымен бару керек.
Интернационалдық жолында
Патша үкіметінің отары болып, құлдықта жасаған Қазақстандағы ұлттарға Октябрь төңкерісін жасаушы орыс пролетариаты еркіндік берді. Орыс пролетариаты бұрын құлдықта жасаған ұлттардың кедей шаруаларымен байланысты күшейтіп, оларға саяси, мәдени, шаруашылық жағынан жәрдем көрсетіп келеді. Езілген ұлттардың еңбекшілерімен қоян-қолтық одақтасып, социалистік құрылысты күшейткелі отыр. Сондықтан барлық ұлт еңбекшілері сол одақты күшейтуі тиіс. Қазақстандағы барлық ұлт еңбекшілері бірігіп, бай-кулактармен күресті үдетіп, социалистік құрылысты өркендетуі тиіс.
Ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру бүтін кедей мен орташаның пайдасы. Бұл істі жүзеге асыру үшін колхоз, совхоздар ұйымдастырылып және көшпелі елді отырықшылыққа айналдыру ісі жүргізіліп жатыр. Машина, трактор секілді саймандар беріліп, жаңа техникамен шаруашылықтың өнімін арттыруға түрлі күрделі жұмыстар істеліп жатыр. Осылардың бәріне де ұлт айырмашылығына қарамай, нағыз кедей батырақтар тартылады. Соның үшін бұл жұмысқа барлық ұлт еңбекшілері де ат салысуы тиіс. Өздерінің артта қалған шаруашыларының осы түрде ғана алға басуын білуі тиіс.
Бізде ұлт араздығы ескіден мирас қалған. Сол қалдықтар социалистік құрылысқа залал береді. Енді ол араздық болмауы керек. Барлық ұлт кедейлерінің де тілегі бір. Сондықтан ұлт дегенде кедей көзімен қарау керек. Ұлт-ұлттың кедейі бір-біріне жәрдемдес болсын.
Ұлы орыс ұлтшылдығы отаршылдықтан қалған нәрсе. Ол біздің барлық ұлт еңбекшілерінің бірлігін бұзады, социалистік құрылысқа кесір болады. Орыс пролетариаты онымен күресті күшейтіп отыр. Сондықтан барлық ұлт еңбекшілері сол пролетариаттың жолын қорғап, ұлы орыс ұлтшылдығымен күресу керек. Жергілікті ұлтшылдық та өте залалды, онымен де күресу керек. Оңшыл, солшылдық бізді партияның ұлы жолынан аздырады, олармен де қатаң күрес керек.
Соңғы уақыттарда бізде тап күресі күшейе бастады. Бүтін кеңес одағындағы кедей табы капитализм қалдығына шабуыл жасап отыр. Социалистік құрылыс күн санай өркендеп келеді. Бұған бай-құлақтардың қарсылығы зорайып отыр. Бай-құлақтар пролетариат үстемдігіне және социалистік құрылысқа қарсы күресіп, қайдағы оңбаған немелерді қолданады. Олардың пайдаланатыны дін жолдары, ұлы орыс ұлтшылдығы, жергілікті ұлтшылдық, партия жолын бұрмалау, тағы сол секілділер. Барлық ұлт еңбекшілері, әсіресе, партия мүшесі осындайлармен күресіп, интернационалшылдықты күшейтуге үгіт жүргізуі керек. Қайсы бір түрде болмасын, ұлт алауыздығын күшейтушілермен аяусыз күресу керек.
Қазақстан үкіметі жалғыз-ақ қазақ халқы үшін деп түсіну жарамайды. Ол Қазақстандағы барлық ұлт еңбекшілері үшін үкімет, барлық ұлт еңбекшілеріне де бірдей қарауды міндет қылып отыр. Жергілікті халық ішінде көпшілік орын тұтушы қазақ еңбекшісі болғаннан әр істе де солар көп ауызға алынарға тиісті. Мұның үшін өкпелеу орынсыз. Барлық ұлт еңбекшілері қазақ еңбекшілеріне жәрдемдес болуы керек. Үкімет мәселені тап негізінен шешеді. Қайсы мәселеде болса да барлық ұлттың кедей, орташаларының пайдасын көздеп іс істеді. Сондықтан барлық ұлттың еңбекшілері Қазақстанның партия һәм үкіметінің жолын қорғауы тиіс.
Қазақстан мемлекеті ауыл шаруашылығы және ірі өнеркәсіп орнына айналып келеді. Сондықтан жергілікті халықтан пролетариат даярлау ісі алға қойылып отыр, міне мұны жалғыз-ақ қазақ халқының пайдасы үшін деп ойлау жарамайды. Бұл мәселе жалпы пролетариат пен қара шаруаның одағын нығайтып, социалистік құрылыстың жеңуіне жәрдем болмақ. Бұл жұмыста мәдениетте алда болған орыс жұмысшыларының белсенділігі керек. Көбінше мамандығы басым орыс жұмысшылары жергілікті қазақ және басқа ұлттардан да пролетариат шығаруды өзіне міндет қылып, оларға тәрбие беруге тиісті. Жергілікті жұмысшылар да нағыз интернационалдық пікірде болып, тәрбие аларға керек.
Кеңес одағындағы ұлттардың еркін болып мәдениет құруын, шаруашылығын өркендетуін капиталистік мемлекеттер көре алмайды. Өйткені баяғы патша заманындағы бізде болған жағдай соларда әлі күнге дейін түк айныған жоқ. Жиһангер мемлекеттер дәл осы күнде отаршылдықпен көп ұлттарды езіп отыр. Сол езілуші ұлттарға бізді үлгі болады деп қорқады. Сондықтан ұлттарға еркіндік беруші кеңес үкіметіне дұшпан болып, оған қарсы шабуыл жасауға даярланады. Күні-түні соғыс құралдары, әскерлерін молайтып жатыр. Болмаған нәрселерді сылтау қылып кеңеске қарсы соғыс ашуға мүдделенеді. Біздің кеңес үкіметі ешкіммен де соғысуды тілемейді. Бірақ әлі жиһангер мемлекеттерден қауіп бар. Сондықтан қарап жатуға болмайды. Жау үкіметімізге ат қоя қалса, қарсы тұрарлық болу керек. Сол себепті барлық ұлт еңбекшілері де кеңесті қорғауға даяр болуға тиісті.