02.04.2021
  380


Автор: Мұхтар Әуезов

Жаңғыру жолындағы жас ұстаз рөлі

«Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді,


керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»


У.Уорт


Елбасының сөзімен бастасақ, рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана –сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.Елбасының сөзімен бастасақ, рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана –сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.


Білімнің салтанат құруы қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.


Қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Осы орайда сапалы білім мен ұлттық тәрбие беруде саналы ұрпағына бар күш-жігерін аямайтын құрметті ұстаздарымыздың рөлі ерекше. Еліміздегі жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қаруландырып қана қоймай, оның жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне мол мүмкіндік жасауы болып табылады.


Мамандықтың оңайы болмайды. Жаның қалап, бар ынтаңмен жасаған қызметің – сен үшін ең оңай қызметтердің бірі болмақ. Сондай ерекше мамандықтың бірі – ұстаз болу.


Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырына жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзін ол ашуына түрткі жасауымыз қажет. Білімнің әлеуметтік және өмірлік рөлінің, адамның танымдық  шығармашылық мүмкіндігінің өзгеруі оқытудың барлық деңгейіндегі, үздіксіз білім жүйесіндегі білім беру  ісін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді. 


ХХІ ғасырдың білім беру ортасында мұғалім 90 пайыз уақытын оқушылардың оқу әрекетін ұймдастырушы рөлін  және 10 пайыз дәстүрлі мұғалім рөлінің қызметін атқарады. Оқып үйренуде сөйлеу мен тыңдау, есепті құрастыру, үдерісті бақылау, дәлелдеу және келістіру секілді көптеген дағдылардан тұрады. Осы барлық дағдыларды мұғалімнің меңгеруі қажет. Бүгінгі мақсат әрбір оқушыға  түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін  беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай  жасау болып табылады. Келер ұрпаққа заман талабына сай тәрбие мен білім беруде  мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің  бірі.


Ұстаз - таудан сарқырап аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз - ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнінеккен диқан. Менің мамандығым - мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастамасы екенін сезінгендеймін. 


2015 - жылы  Хромтаудың баурайын да орналасқан, Бөгетсай елді мекеніне биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Маған Құдіретті күш иесі өмірдегі ең жақсы адамдардан тәрбие алуды жазып қана қоймай, сол адамдармен бірге шеберлігімді шыңдауды да нәсіп еткен. Сондықтан мен әлемдегі ең бақытты жандардың қатарынанмын. Ендігі алға қойған мақсатым - білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. "Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек" деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын - болашақта ұлағатты ұстаз болу басты арманым. Мұғалім - мектеп жүрегі болса, оның беделі мектептің беделі. Ал, мектеп - мемлекеттің басты тірегі. Олай болса, қазіргі таңда мұғалім білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз пәнін жетік меңгерген болуы керек. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстінде болып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе - шығар асуымыз алыс емес. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында». Сондықтан әрбір мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая түспек. К.Ушинский: "Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады" деген ойымен келіспеу мүмкін емес. Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушылардың тәтті қылықтары мен әдемі жүздерінен шаттанамын. "Баласыз үй мазар, балалы үй базар" деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі - жан дегенде жалғызы, бірі - ерке, бірі - қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Ең алдымен өзіме осы екі асыл қасиетті серік етемін. "Білімді болуға - оқу керек. Бай болуға - кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек" деген А.Байтұрсынов саралаған әдемі жолдардың ізімен жүріп өтсек бірлігіміз бен кәсібіміз одан әрі жандана түсетініне сенемін. Мектеп - балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет.


«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле»,-дейді халық даналығы. Мен үшін қастерлі де қасиетті мамандық ол – ұстаздық. Келешекте болашақ ұрпаққа талмай қызмет етіп, еліміздің көркеюіне өз үлесімді қосамын. Мен оқушыларыммен қажымай еңбек етіп, талай шыңдарды бағындыратыныма сенімдімін.


Қорыта айтқанда, білімді  ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің рухани жаңғыруына сүбелі үлес қоссам деген  елбасымыздың ұтымды қағидасын, халқына деген үндеу өсиетін үнемі жадымымызда ұстанып,  ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді.Ендеше, көкжиектен ауытқымай,  ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.


Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай мектеп-гимназиясы 


Биология пәнінің мұғалімі:


Қойшыбай Гүлдана Жасқайратқызы





Пікір жазу