02.04.2021
2380
Махаббат, достық қылуға
Махаббат, достық қылуға
Кім де болса тең емес.
Қазір дайын тұруға —
Бес күндік ғашық жөн емес.
Сүйіспек көңілім ойлайды,
Жанның бәрі — қатыбас.
Сүйісу тозбай тұрмайды,
Еңбекке аз күн татымас.
* * *
(М. О. Лермонтовтан)
махаббат дос Ғашықтық еңбек Абай Құнанбайұлы Абай Құнанбайұлы өлеңдері Абай Құнанбайұлы шығармашылығы абай құнанбаев өлеңдері