02.04.2021
445
Әбдірахманға
Алланың рахматын
Жар тұтып әр неге,
Әр Рахман ол атын
Үйреткен жүмлеге.
Дұғаның қуатын
Жіберме өңгеге.
Әбіштің сыйххатын
Беркітсең кеудеге.
Рәушан сипатын
Тез көрсет пендеге.
Осындай шапқатын
Ұмытам мен неге?
Зар хатым — бұл хатым,
Бізді тыныш жүр деме.
Азайып қуатым,
Денем жүр көрмеге.
Бұл — жазған сұңғатым,
Көңіл ашар бір наме.
Менің сол рахатым
Көзіме сүрмеге.