31.03.2021
194
Абайдың жас шағындағы шығармалары
Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.
Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.
Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.
Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.
Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз.
Сонымен, Абайдың шығармаларын бұл кітап көлемінде тексеру мынадай бөлімдерге жіктелетін болды:
1. Абайдың жас шағындағы өлеңдері.
2. Абайдың лирикасы.
3. Абайдың поэмалары.
4. Абайдың аудармалары.
5. Абайдың қара сөздері.
Енді Абайдың жас шағындағы шығармаларын талдауға кіріспес бұрын, бұл уақытқа шейін қазақ тілінде болған әдебиеттік-тарихтық зерттеу, тексерулердің кейбір әдіс ерекшеліктерін атап өту керек.
Бұрынғы зерттеушілердің бір алуаны ақын шығармаларының мазмұны мен идеясынан туатын және зерттеудің өздері нақтылап алынған ғылымдық мақсатынан туатын арнаулы, шартты түрдегі тақырыптық топтаулар жасайтын. Бұл тексерулер Абай шығармаларының қай жылдарда туғанына қарамайды. Тақырып жағы мен идеялық өзгешеліктеріне қарай, өздеріне керек шығармаларды бөліп, ойып- ойып алып талдайды.
Сонда, Абайдың эстетикалық көзқарасы, педагогикалық ойлары, философиялық көзқарасы, қоғамдық, тарихтық идеялары деген сияқты немесе Абайдың орыс клас-сиктерімен жалғасы, кейде Абай ақындығының түрлері, Абайдың тілі деген сияқты әр алуан жекеше тақырыптарға арналған зерттеулер туады.
Әрине, бұлайша арнаулы тақырыптар мен мақсаттарға ерекше көңіл бөліп, сол жайларды ғана зерттеу орынсыз, керексіз демейміз. Көбінше зерттеудің нақтылап, ерекше зер салып, дәлелді етіп зерттеу шамаларына қарай, бұл сияқты арнаулы тақырыптың әрқайсысы өз көлемінде көңілге қонады, орынды боп, бағалы еңбек боп шығулары әбден мүмкін.
Бірақ солай бола тұрса да, бұндай ойдым-ойдым тақырыптарға нақтылы арналған зерттеулер ақынның мұрасы туралы толық дерек бермейді. Рас, жоғарыда аталған, ақын-дық ерекшелігі, тіл өзгешелігі, педагогикалық, эстетикалық, философиялық мәселелердің бәрі де Абай шығармаларынан арнаулы күйде табылып отырады.
Бірақ осы аталған күрделі, зор мәндері бар салалардың барлығы да Абай шығармаларында жекешеленіп, екшеліп, бөлініп тұрған жоқ. Кейбір ірі өлеңдерінде немесе кей жылдардың туындыларында сол жайлардың барлығы да азды-көпті түрде айқын көрініп отыратыны даусыз. Сондықтан Абай шығармаларының барлық елеулі өзгешеліктерін, қасиеттерін кеңірек қамтимын деген зерттеулер, осы мәселелерді бір жақты іріктеу мен тексерудің әр кезеңінде, еріксіз сыңаржақтыққа ауысып кетіп отырады. Тексерудің бұл түрі де бұрынғы Абай шығармаларынан: "Ой туралы", "Өзі туралы", "Ақындық туралы", "Халық туралы" деген шартты түрдегі, бір жақты топтау сияқты болады.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандай, ақынның жас шағынан бастап, қайтыс болғанына дейін қатар ілесіп отырған ақындық жолын шоламыз. Ақын өнерінің дамуына, ойларының өсу, өрістеуіне сәйкес тексеру болады. Жоғарыда аталған ірі тақырыптардың (ақындық ерекшелігі, тіл өзгешелігі, орыс классиктерімен жалғасы, эстетикалық, педагогикалық, философиялық көзқарастары, тарихтық, қоғамдық идеялары, т.б.) бәрі де нақтылы шығармалардың жан-жақты өзгешеліктерін сынау, талдау ретінде үнемі қамтылып оты-ратын болады.
Абайдың толық жинағы 1858 жылы жазылған екі өлеңнен басталады. Біріншісі — "Иузи — рәушан", екіншісі — "Физули, Шәмси". Бұлардан соң, 1864 жылы жазылған "Әлифби" өлеңі бар. Ақынның он үш жас пен он сегіз, он тоғыз жастар арасында тудырған шығармалары осы.
Жалғыз бұл өлеңдер емес, Абайдың сол жылдарда осы алуандас жазған басқа өлеңдері де болса керек еді. Бірақ олардан іздерек табылған жоқ.
Мынау өлеңдер тұсында айқын байқалатын ерекшелік — шығыс ақындарының үлгісінде жазылғандықтары. Екінші өзгешелік — бұл өлеңдер жатқа, ауызша шығарылған шығармалар емес. Бұнда Абай анық жазушы ақын. Біз XIX ғасырдың басы мен орта кезінде жасаған Махамбет, Нысамбай, Мұрат сияқты ақындардың шығармаларынан ақынның өзіне тән стиль ерекшеліктерін айырып тексерсек те, "олардың қай өлеңі жазылып айтылған, қайсысы ауызша жырланған" деген сұрақтарға нақтылап, деректі жауап бере алмаймыз. Өйткені олардың жазғаны мен ауызша шығарғанының стильдік өзгешелігін айыру оңай емес.
Ал Абайдың мына кітапшылап, араб, парсы, ескі өзбек ("шағатай" немесе "түркі" деп аталатын) тілдерден көп сөздер кіргізіп тудырған өлеңдері, тек қана жазумен туатын шығармалар екенінде дау жоқ. Әйелдің сұлулығын бейнелеген "Иузи - рәушан" деген өлеңде жас Абай анық еліктеуші ақын екендігін көрсетеді. Бұнда қыздың көзі гәуһәр, бетінің ұшы лағыл тастай қып-қызыл, тамағы қардан бетер, қасын құдіреттің, жаратушының қолы шеккен. Және өзі дүние жүзіндегі сұлулардың раһбары — көсемі, басшысы. Ал осыған бұрынғы шығыс тарихында байлығымен, патшалық әмір құдіретімен аңыз болған атақты жандар — патша Сүлеймен, патша Ямшид, патша Искәндәр — бәрі де ынтық болар еді. Солар бар мүліктерін салса да, бұл сұлудың бағасын өтей алмас еді, — деп жырлаушы жас ақын өзінің бар тек, төркінін танытады.
Сөз айттым "Әзірет Әлі айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары ала қыз", —
деп қысылғанда, өзінің жас шағында жаңағыдай өлең жазғанын ұмытып кеткен болу керек. Болмаса, көзі жарқыраған жылтыр тас, беті шиедей болған қызыл тас тәрізді сұлу-дың сары ала иегі бар қыздан айырмасы аз-ақ екенін аңғару қиын емес.
Реалистік жолға орыс классиктерін терең тану арқылы ауысып алғаннан кейінгі Абай, әрине, мынау үлгіде өлең жазушы, еліктеуші ақынды мазақ етпеске мүмкін емес. Ал жаңағы өлеңде Абай шығыс ақындарының бар үлгісін түгел меңгерген. Теңеулері шектен асқан әсірелеуді көрсетеді. Өмірге, шындыққа жанаспайтын орасандық шығыс поэзия-сының көп ғасырлық дағдысы еді. Абайдың еліктегені кім екенін де тану қиын емес. Осы өлеңде және бұдан кейінгі екі өлеңде де Абай өзінше түркі тіліндегі (сол кездегі әдебиет тілі деп саналған) үлгіде жазып отыр. Бірақ анық сол түркі сөзі мен осы өлең қатарында келетін араб сөздері әлдеқайда көп. Өлеңнің уәзін ырғағы да, жеке сөздердің айтылуы да кітап үлгісінде "нигә", "шигә" деп, қазақтың "неге", "шегеді" деген сөздерін кітапшылап, әдейі бұрмалайды. Өйткені алып отырған өлең ырғағы, ритмнің өзі арабтан иран, шағатайға жайылған "ғаруз" өлшеуінің үлгісі. Араб өлеңінің ырғағына сай мәтпен созылатын ұзақ үнді дыбыс пен қысқа үнді дыбыстардың алма-кезектесіп отыруынан қуралатын өлшеу. Бұл — қазақ сияқты елдердің тіліне, өлең құрылысына мүлде жанаспайтын ырғақ. Бірақ өздері азербайжан, өзбек, түрікпен, татар, қазақ сияқты елдерден шығып, арғы замандар мен бертін кездердегі араб, исләм мәдениетінің ықпалын көрген классик ақындардың көбі өз халықтарының тілдерін бұрмалап жазатын. Өздерінің өлең қатарларына жаңағыша араб, парсы сөздерін көптен- көп кіргізіп, аламын тілмен жазады. Сол үлгі Науаиде, тағы басқа Абай қадірлеген ескі түркі-шағатай ақындарында көп кездеседі. Өзі шәкірт, өзі бала ақын Абай соларға барынша бой ұрып, алаңсыз еліктейді.
Екінші өлеңінде:
Физули, Шәмси, Сайхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси, —
деп, сол еліктеген, өзіне үлгі еткен ақындардың аттарын да балалық шыншылдықпен тегіс атап береді. Осы орайда айта кететін тағы бір ерекше мәселе бар. Бізде бүгінге шейін Абайдың Шығыспен байланысын айтқанда, кейбір жайлар ұшқары сөйленеді. Абай мұсылманша оқығандықтан, араб пен парсы тілін түгел білген боп суреттеледі.
Кейбір зерттеушілер Абайды араб, парсы классиктерін де түгел білген етіп қояды.
Анығында, бес-алты жыл мұсылманша оқығанмен, ол кездегі шабан оқытудың шалағай методикасын еске алғанда, Абай арабтың классик поэзиясын түгел ұғарлық дәрежеге жетті деу асыра сөйлеу болады.
Сондықтан да Абайдың мына санаған ақындарының ішінде арабтың атақты классиктері: Мұтанәбби, Әбу Ғала- Мағрилер кездеспейді. Оған тілдері түсінікті ең жақын ақындар болғандықтан Науаи, Физули үлгісі көп әсер етеді. Жас шағында сол ақындар өздеріне үлгі еткен Фирдоуси, Сағди, Қожа Хафиз тәрізді ұлы классиктердің ескі өзбек тіліне аударылып, Абайға сол аударма арқылы таныс болуы көңілге қонымдырақ көрінеді. Бұл соңғыларды Абай білгенде, түрікшеленген аудармалардан білу керек.
Ал, олай болса, Абайдың шығыс поэзиясымен таныстығын атағанда, оның үлгі еткендері осы күнгі советтік шығыс елдеріміз: азербайжан, өзбек, тәжік сияқты елдердің ұлы классиктері деу керек.
Абайдың орыс классик поэзиясынан алған үлгісін мол бағаламақ болған дұрыс ниеттегі кейбір тексерушілер "Абайда шығыс поэзиясының әсері де болған" деген пікірлерге қытықтанып, шамданып қарайтыны бар. Ол дұрыс емес.
Анығында, Абай жаңағы анықталған Жақын Шығыстың кейбір үлгісін анық пайдаланған. Оған жас шағында аз ізденумен, арзан еліктеу түрінде барған болса, бері келіп, әбден қалыптанып, ұлы реалист, шебер классик, мастер болған шағында да, сирек түрде болса да, оқта-текте айналып соғып отырады. Мысалы, 1889 жылы жазылған "Қор болды жанымда", 1891 жылы жазылған "Көзімнің қарасында" ақын махаббат жайын тағы да жаңағы аталған, өзіне анық түсінікті болған, бүгінгі ұлы советтік Отанымыздың қадірлі, кәрі классиктері Науаи, Физулише жазатыны бар. Бұл жерде біз Абайдың реалист ақын болып қалыптасқаннан кейін де, сол жаңағы Жақын Шығыс поэзиясында кездесетін толып жатқан сөздіктерді, ақындық лексиканы шығыстық әдебиеттен алатынын талдаймыз.
Тек ескерте кететін нәрсе, Абайдың барлық поэзиялық мұрасында Шығыстың орны классик поэзиясының орнынан әлдеқайда аз. Бірақ, жалпы алғанда, жаңағыдай анық-талған жақын Шығыс мәдениетінің әсері болғанын атамай болмайды. Ол жәй Абайдың ақындық нәр, қор алған тектері, іздену өрісі, жалпы ойшылдық, ақындық диапазоны кең болғанын көрсетеді. Мысалы, грузиннің атақты классигі Шота Руставелидің идеялық, поэзиялық, философиялық негіз қорларын айтқанда, барлық зерттеушілер оның араб, иран мәдениетінен және орта ғасырлардағы батыстық мәдениеттен екі жақты үлгі-өнерлер алғанын жасырмайды, ашып айтады. Тіпті соны Руставелидің өз заманынан бойы озған ерекше қасиеті деп айтады. Өз тұсындағы дүниежүзілік мәдениетке бұның кең құлаш жайып, еркін пайдаланғанын мақтан етеді. Абай жөнінде, егер ол өмір бойы сол өзіне үлгі еткен шығыс поэзиясының ескілігіне ұдайы табынып, бағынумен қалса, бұны ақынның орасан олқылығы, айыбы дер едік. Бірақ Абай ондай емес.
Жаңағы жастық жайында, бала шағында айтқан шығыс үлгісіндегі еліктеу өлеңдері ақын Абайдың тек қана алғашқы адымы ғана болады да қалады. Жігіттікке кіре бере, Абай ол үлгіде жазуды мазмұн жағынан да, түр жағынан да табылған жол екен деп білмейді. Осының шындығын тіпті сол шығысшылап жазған өлеңінің ең үлкені "Әлифби" бәйітінің өзінен де анық аңғаруға болады.
"Әлифби" өлеңінде шығыстық ерекшеліктердің барлығын өз бойынан көрсетумен бірге, ол поэзиядан бөлегірек, оқшауырақ тұрған айқын өзгешелік те бар. Бұл ретте өзге жайларды қойып, өлеңнің соңғы екі жолын еске алсақ та болады.
Үтір мен асты-үстілі жазу да бар, —
деп келіп, Абай сүйікті сұлуға арналған хаттың ең соңында нақтылы тілек айтады. Онысын натуралдық түрде, тұрпайылау етіп анықтап, ашып салады. Бұндағы Абай құрбы қызға сәлем-тілек жолдап отырған көп жеңіс қой жігіттің бірі болады. Шығыстық шер сөздер қосып, ғашық-мағшұқ жайларын тал бойы ұйып жырлаған сияқтанып отырып, "Әлифби" өлеңінің ақырында Абай сезім, сана жағынан жаңағы шығыстық сарыннан өз басының сау екенін танытады, сергек екенін байқатады. Ендеше, бұл бұрын қазақ жазып көрмеген өлеңдік оқшау түрді қызықтап, тамашалаған сияқты да, уақытша әуестік есебінде сол өлендік түрмен ғана ойнағандай болады. Кейін, аз уақыттың ішінде-ақ, өмір шындығына жақын өлеңді өз халқының анық халықтық тілімен жазып кететін Абай, мынау тұста тек аз уақыт қана өзінің көзі түскен және өзін жас шағында қызықтырған, таңдандырған үлгіге аз бой ұрады. Мұндағы тағы бір қасиеті — Абай діншіл мистикаға берілген Йассауи, Сопы Аллаярдың бірде-біріне маңайламайды.
Ақындық үлгісін іздеп жүрген жас қазақ ақындары айтып келген қара өлеңнің, жырдың әр алуанын білсе де, өзі де солайша жырлауға жараса да, алғашқы кезде ел ақындарының үлгісінше өлең айтуды місе қылмайды. Бұрын қазақ құлағы сирек естіген өзгеше өлең үлгісіне қызығады. Қиын тынды баурағысы келеді.
Дұрыстығын айту керек, Абай терең сезім, идея, мазмұн жағынан түгелімен шығыс ақындарының ықпалына берілмесе де, өлең құру шеберлігі, түр жаңалығы жөнінде бұл кезде де көп нәрсе табады. Сонда, әсіресе өзіне ең жақын ұстаз етіп классик Науаи шығармаларынан үлгі іздейді. Дастан жазған Науаи емес, ғазелдер жазған Науаиге еліктегісі келеді.
Атақты "Чардиуан" Науаи лирикасының төртке бөлінген жинақтары еді. "Чардиуанның" төрт бөлімі адам өмірінің, ақын тілегінің төрт кезеңіне арналған: балалық, жігіттік, орта жас, кәрілік кезеңінің көңіл сыры, мұң сезімі баяндалатын.
Абайдың жоғарыда біз атаған шығыстық өлеңдері "Чардиуанның" жігіттік дәуірін, нәзіктік нақыстарын жырлаған үлгілеріне келеді. Науаидің барлық ғазелдері ерекше шеберлік, көркемдік мазмұн сарындардан басқа, түр жағынан толып жатқан қиын, қызық ырғақ үлгілер көрсететін. Өлең шумақтарына қарап, жол есептері бойынша бөлінетін бір түрлері бар еді. Мысалы: ғазелдер ішінде "Мұстәзәт", "мұхамәс" (бестік), "Мұсәддәс" (алтылық), "Мұсәммән" (жетілік) деген шумақ өлшеулер болған. Екі жолдан ұйқасатын "Мұснәун"; төрт жолдан құралатын "рабаят"; кейде егіз екі жолдан қосылып, ұйқасты сөздерді ойнақы етіп беретін "тұйық" өлшеуі болған және де түрі мен мазмұны бірдей жұмбақ, аса шебер құрылатын "Мұәмме" үлгісі бар. Мазмұн жағынан алғанда, "сақинама" — ішкілік-сауық өлендері болады. Осы түрлермен қалыптанған сыршылдық өлеңдердің арнаулы сюжеті болмаса да, көпшілігі көңіл сырына, ішкі сезім ырғағына арналады.
Абай "Әлифби" өлеңінің әр жолын араб алфавитінің ретімен тізеді. Науаиде да сол араб алфавитімен тізілген газелдер бар. Бірақ ол әр жолдың басы емес, қайта аяғындағы ұйқасты сөздердің ең соңғы дыбысын әліфби ретімен келтіреді.
"Чардиуанның" барлық саны қырық мың жол өлең болғанда, бұлардың орта жасқа, кәрілікке арналған бөлімдерінде, газелдерінде Науаидің терең толғауы, философиялық ойлары да, қысқа қайырып, шебер етіп қалыптаған ақыл-нақыш сөзі де, афоризмдері де көп кездеседі.
Жас ақын Абай Науаидің, осы соңғы айтқандай, анық классиктік ұлы өрісіне бара алмаған. Ол дәрежеде ұзақ ізденіп, терең бойлап салынбаған. Тек жігіттік, жастық сезімдеріне жаңа мода болғандай тың түр ғана іздейді. Сол себепті "Әлифби" өлеңінде жоғарыда аталып өткен Науаи ғазелдерінің кейбір сырт түрі, өрнектерін ғана көреміз.
Тегінде, анық ішкі сана-сезімге келгенде, Абай сол өзі аз дәурен үлгі еткен шығыс классиктерінің шығармаларындағы ішкі мазмұндарға түгел табынған деген пікірді біз ай-рықша бөліп айтамыз. Өйткені шығыстың көп классигіне ортақ болған бір жәй, махаббат сияқты сезімдерді жырлауда мистикалық элементтер де болады. Ғашықтықтың өзін құдайды тану жолындағы жан әрекеті есебінде жырлау басым еді. Сондықтан ғазелдерде аталатын "мағшуқа" қандай отанның, нендей халықтың қандай шаһарын мекен еткен жан екенін біліп болмайды. Оған ынтығып жырлаған жырлардың ешбірінен сол сұлудың атын, тегін де, нақтылы түсінің өзін де аңғарып болмайды. Бұл жер басқан адамзат па, жоқ, бір мекенсіз, нақтылы дерексіз ғажайып жаралған перизат па? Оны да айыру қиын. Ғашығына жолдаған наз, тілектер табыну сарынына айналғанда, жаратқанға жалбарынып отырған сопылық, мистикалық тұманды күйрек сезімдер басымдап кететіндері болады.
Осындай құдайшылдық сарын ғашық жайын, көңіл халін, табиғат көркін атаған теңеулердің бәрінде де көп көрініп отырады. Науаи сияқты ұлы классикте бұл өзге-шеліктер кемірек болғанмен, Абай көп оқыған өзге шығыстық ақындардың көбінде осы өзгешелік ерекше мол болған. Абайдың қасиеті сол — жас шағының өзінде де, еліктеуші бола тұрса да, өзінің махаббаттық арман-шерлерін, тілектерін жырлауында сопылық, бендешілік, құдайға құлшылық, мінәжатшылық күй сарындарға бармайды.
Көп теңеулерде кітапшылап, әсірелеп жырлап отырса да, жоғарыда біз айтқан "Әлифби" өлеңінің соңғы жолдарындай жердің жігіті боп шығады және арнаулы тілек пен нақтылы сәлем айтып жатқан түсінікті мақсаты бар тұмансыз жаршы болады. Болашақ реалист ақынның жақында ауысатын өрісін, әдісін аңғартқандай.
Осы жайды "Әлифби" өлеңі ғана емес, ең алғаш кітапшылап жазған "Иузи — рәушан" деген өлеңнің соңғы жолдарынан:
Мұбәдә болса ол бір кәз,
Тамаша қылса йузмә-йуз,
Кетіп қуат, йумылып көз,
Бойың сал-сал бола нигә? —
деген сөздерінен де аңғаруға болады. Басында жер сипатты емес, хор сипатты, қолға түспес алыс сұлу, мына тұста ынтық жігітке бетпе-бет кездеседі. Сонда түсінікті құмар-лық, нақтылы тілекпен тал бойы ұйып тұрған жастың көпке мәлім күйі бар шындығымен аңғарылып тұрады. Әрине, бұндағы тіл шұбарлығы — Абайдың жаргонға орынсыз қызыққан кемшілігі. Мазмұны өзіндік, мистикасыз болса да, еліктеудің арзан үлгісіне кеткендігі көрінеді.
Бұлардан соңғы Абайдың жас шағынан бізге жеткен, жылы белгісіз өлеңі "Сап, сап, көңілім". Жігіттік, жастық мінездеріне арналып айтылғанмен, Абайдың бұл өлеңі жо-ғарғы тексерілген жолдардың барлығынан мүлде басқаша. Ең әуелі оқушыға салғаннан айқын көрінетін өзгешелік — бұл өлең таза қазақ тілінің өзімен жазылады. Мазмұны мен мағынасына қарағанда, Абайдың бұдан бұрын азды-көпті айтылып келген өлеңдерінің өзінше, өзгеше бір қорытындысы сияқты. Жылы белгісіз болғанмен, ақынның жиырма-жиырма бес арасында өз өмірінің осы шағына нақтылап, арнап айтқан өлеңіне ұқсайды. Бұндағы ойлар мен сезімдер жас жігіттің өзіне де, өзі құрбы тұрғылыстарына да арнаған тоқтау сөзі, сын, толғау сияқты. Ең әуелі, бұл өлеңде Абай қазақ әдебиетінен бөлек үлгіге еліктеуді өзіне енді лайық көрмеген сияқты. Өз өмірінің шындығы бұл жырда аса айқын қонымдылықпен айтылады.
Ұзақ өлеңнің көркем жолдарында ел жігітінің тіршілігінен тысқары тұманды, оқшау хал де, сезім, теңеу де жоқ. Қыз андыған жігіттің түнде жортқан, жеңіл-жеңсік қуған әдеті өзгеге де ой түсіреді. Бұл өлеңде жасанды теңеулер жоқ. Қайта қазақтың шешен, орамды, терең мәнді сөздерін қолданады.
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?
Сонда тәуір бола ма,
Ұстап aп, біреу сабасын? —
деген жолдарда сыншыл оймен қатар, сол кездегі қыр жігітінің басынан кешетін анық көріксіз, көңілсіз болмысын арнаулы трагедиялық қалпында береді.
Өмірдің өткел кезеңінде тұрған, ой түскен жас орынсыз деген мінездер, істер жайын көп сұрақтармен баяндайды. Тыңдаушысын ойландырып, өзіне ақыл салып айтады. Опасыз, тұрақсыз, тынымсыз жортуылдан қайту керек дегендей, тасқындаған көңілді ауыздықпен шаужайлағандай болады.
"Сап, сап, көңілім" деген сабырдың, тыйылудың сөзін үнемі қайталап отырады. Айтпақ жайын әдейілеп, көп қайталап, осы өлеңді жазудағы мақсатын, ойын ерекше нықтай түседі. Опасыз жас болмау керек, таңдап сүйген біреуі ғана бар, тең сезімге табынған жақсы жастың адамгершілік пен махаббатты қабыстырамын деген ниеті көрінеді.
Барлық осы аталған өмір, ой, сезім жайлары шындыққа бағынған. Бусанып тұрған жанды, шындығы бар жыр туады. Ақын алыстан тұмандатып орағытпайды. Айтпақ ойының сөздері де дәл табылған. Қозғайын деген пернесін дәл басады. Және өз басының тәжірибесін шығарып, өзіндік мінін сынап, шенеп отырған кісі болып, сол кездегі көп жастың халіне арнаған үлгілі сөз айтады.
Қазақ жасының Абай заманындағы махаббат жөнінде қолданатын іс, мінезі тұрпайылау, натуралдық күйде екендігін осы өлең дәл ашады. Ер мен әйел арасындағы жарастық, жақсы сезімді қасиеттей білмейтін, топас тәрбиені әшкерелейді. Ендігі түсінігі бойынша махаббат, жастықты сөз қылатын ақын құр құмарлық қызығын шала- шалағай күйде жырламасын. Адамгершілік тәрбиесін өсіріп, асырғандай, моральдық жоғарғы дәрежеде түсініп жырласын дейді.
Абайдың жас шағындағы өлеңдерінің қорытындысы есепті болған "Сап, сап, көңілім" енді жақын шақта реалист сыншы және шыншыл ақын боп қалыптанатын Абайдың алдағы өрісін аңғартады.
Ақынның толық жинағында жылы белгісіз өлеңдер тобына қосылған "Тайға міндік" деген бір өлең бар. Мазмұнына, тақырып тегіне, сын сырына қарағанда, бұл өлең де жаңағы тексерілген "Сап, сап, көңілім" атты өлеңмен бір бітімдес, екеуі де бір мезгілдің туындысы. Жиырма-жиырма бес арасындағы ой түсе бастаған сыншыл, өр талапты ақынның жастық толғауын танытады. Енді азаматтық сапа, санада өзіне жаңа өр, өріс белгілеп отырған ойшыл жас бұл кезге шейін басынан өткен балалықпен бозбалалық, жігіттік шақтарын сынай шолып өтеді. Бір өзі емес, қазақтың өзі құрбы жасының бәріне де ой сала, шіміркене жырлайды. Өлеңінде келтірген дәл деректі балалық суреттері, бозбалалық алданыш, жұбанышы, болымсыз тәрбие, шала сауаттылық, арзан әуейілік және солардың нәрсіз нәтижесіндей дайынсыз күйде үйлі-баранды өмір бастау — осының бәрін де болашақ реалист, сыншыл жас ақын салқын оймен қатаң сынап өтеді.
...Шала оқудан не жарыдық,
Қалғаннан соң құр надан?
Бағасыз жастық — Бозбастық,
Адастық, —
деген жолдардан жоғарыда айтылған сыншыл сана айқын аңғарылады. Сонымен қатар оқу-тәрбиенің өзгеше өрісін мақсат еткен бағыт та байқалады.
Қайын бардық,
Қатын алдық,
Енші тиді аз ғана.
Шаруа атандық,
Енді ойландық,
Қала берді бозбала.
Бұрынғы қайда?
Ойбайла — Не пайда?
деген соңғы жолдарында өткен өмір жолына өкіне қараған ширығуды танытады. Бұл өкініші — өзін-өзі қамшылап, намысты талапқа бет қойған, ізденгіш жігердің өкініші. Өзі құрбы қазақ жасынан шыққан ақын-өнерпаздың Абайдан өзгесіне әлі мұндай сапалы ой оралған жоқ-ты. Абай осы соңғы екі өлеңімен жастық шағының өзінде де соныға бас-қалы тұрған ақын екенін танытқанды.
Тіл, теңеуде, өмірлік нақтылы деректерін тізіп теруде ақындық тың жаңа үлгілі жолын іздей бастаған өнерпаз сезіледі. "Тайға міндік" — шумақ, ырғақ, ұйқас құрылыстарымен де өлеңге жаңаша тың түрлер енгізуді мақсат еткен талапты көрсетеді.
Бұл екі өлеңнің мазмұны мен стиль үлгісі Абайдың сол жастық шақтың өзінде де көркем шебер жырлар туғызуға жетіп қалғанын байқатады. Дәл осы өлеңнің өзіне қарап- ақ, Абайдың жігіттік шағында жазған шығармалары бір бұлар ғана емес, әлденеше өлеңдер болған деп нық сенуге сыяды. Тек өз өнерін әр кезеңде әр өлеңмен сынап, барлап жүрген ақын ол кездің шығармаларына өз басы толық мейірлене алмай, ұқыптап сақтамаған сияқты. Сол себепті осы алуандас әлденеше шығармалары жоғалып, ұмытылып, кейінгі шаққа жетпей қалған болу керек.
Бірақ ең алғаш қолына қалам алып жазған "Иузи — рәушаннан" бастап, осы соңғы екі өлеңге шейін жеткен Абайдың жас ақындық жолы бар екені ап-айқын сезіліп тұр. Оның басы — жеңіл, сыртқары еліктеуден басталып, соңғы кезеңі — ойы да, көркі де өсіп, пісіп қалған болашақ ойшыл, сыншыл ақынның іздену, өсу кезеңін көрсетеді. Бұл шығармаларына бойлай қарап, танып, біліп талдамай, кейінгі өскелең үлкен шығармалар беретін классик Абайды сол шығармаларынан ғана бастап тексеріп тану, жарым жолдан бастағандай жартылай тексеру, шалағай тану болар еді.