31.03.2021
  284


Автор: Әбубәкір Кердері

Қазағым, қапыл болмаңыз

Қазағым, қапыл болмаңыз,
Өнерден босқа қалмаңыз!
Жәрдем етіп ақ патша,
Түрлі ғылым шығарды,
Оқып, біліп жолдаңыз.
Орысша ғылым білмесе,
Еш пайдаға аспады -
Мұсылманша молдаңыз.
Алашқа пайдаң тимесе,
Өз басыңды қорғаныз.
Шекесіне тигенін
Айтып-айтып сөйледі -
Әбубәкір жорғаңыз...





Пікір жазу