31.03.2021
1443
Маралдың сұрақтары
Таңертеңмен ойнайтын,
Ойынға бір тоймайтын.
Марал деген баланың
Сұрағы жоқ қоймайтын.
– Жаңбыр қалай тұр құйып?
Неге ысиды күн күйіп?
Аспан неге көкпеңбек?
Таулар неге тым биік?
Терек қалай тоңбайды?
Шырша неге солмайды?
Жаздың күні далада
Қалайша қар болмайды? –
Осылайша апасын,
Мамасы мен атасын
Шаршатады. Қарасаң,
Бір қызыққа батасың.
– Марал! Мұның ұят тым!
Тұрар бұған шыдап кім?!
Кейде тіпті сұрайсың:
– Аты кім, – деп – Мұраттың?