31.03.2021
447
Біздің мысық
Бір басуға ерініп,
Әзер-әзер ілбиді.
Күншуақта керіліп,
Күн ұзаққа мүлгиді.
Қонған шыбын-шіркейді
Қағады ол мұртымен.
Үркітеді кей-кейде
Құлағының сыртымен.
Жатады ылғи пырылдап,
Ұйқысы оның бір қанбай.
Кеудесінде дырылдап
Мотор жүріп тұрғандай!