31.03.2021
  524


Автор: Қайрат Жұмағалиев

Менің замандастарым

Сен таптың ғажап ырғақ тың,
Жұлдызбен көкте бірге ақтың.
Жарасын жаздың соғыстың
Көздегі жасты құрғаттың,
Менің замандастарым!
Бел баласы Отанның
Сананың тыңын қопардың.
Өгейсіген құм-шөлге
Өмірді сүйреп апардың,
Менің замандастарым.
Арманыңмен тел өстің,
Келер күнмен теңестің.
Космоспен кеңестің
Ақылға жарлы емессің,
Менің замандастарым.
Дұшпаның мойып, жасыған
Құдыретіңе бас ұрам!
Сен шештің дүние тағдырын
Уақыт трибунасынан,
Менің замандастарым!





Пікір жазу