31.03.2021
260
"Қыз Жібек" әңгімесінің мәнісі
Қазақтағы ел поэмасының екінші бір мысалы – "Қыз Жібек". Жалпы поэма атты әңгімелі өлеңдер, елдің арнаулы салтын, әдет заңын, дүниеге көз қарасын, ұғымын білдіретін әңгімелер десек, "Қыз Жібек" те сондай ел тіршілігінің көлемді айнасы болғандықтан, көңілдегідей жақсы поэма деп саналады.
Біз "Қозы Көрпешті" қарастырған уақытта, ол поэма қазақтағы көшпелі салтты білдіреді, сондай салт, сондай әдет заңының ортасында туып-өскен адамның дүниеге көзқарасы қандай, махаббат сезімін бағалау, бақыт, жақсылықты айыру қандай, сондайларын көрсетеді дегенбіз. "Қозы Көрпеш" көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген ескі өмірдің сұлу табысы деп баға бергенбіз. Қазіргі "Қыз Жібек" те сондайлық ел салты, ел ескілігінің бір табысы. "Қыз Жібек" әңгімесінде қазақ сияқты елдің бұрынғы әйелге берген бағасы білінеді. Сондағы әйел турасындағы әдет-заң сол заман еркегі мен ұрғашысына қандай ұғым берген? Ру жігіне бөлінген тіршіліктің кезінде ру мүлкі деп саналатын әйел махаббатқа қалай қараған? Өз өмірінің мағынасын не деп түсінген? Соның өмірден күтерлік қызық сәулесі, үміт тілегі қандай күйде болып қалыптанған? "Қыз Жібек" әңгімесі осы жайларға жауап бергендей болады. Ескі заманның әйелі ескі заңның арқасында дүниеге бүгінгіден бөлек, ерекше көзбен қараса, сол заманның еркегі, сол заманның барлық қауымының да көз қарасы сол болған. "Қыз Жібек" әңгімесі жалғыз ғана әйел емес, барлық елдің дүниені түсінуі мен ұғынуын тұтас көрсетеді. "Қыз Жібек" әңгімесінде ерте бір замандағы қазақ жастарының тіршілігі, қазақ жасының жақсы деп баға берерлік бір қызықты өмірі баян етіледі. Сол әңгіменің орта жерінде тұратын адамдар: жар таңдаумен өскен, жөпшеңді жігітті менсінбей, тәкәппар болып жүрген сұлу Қыз Жібек.
Екінші адам сол қызды алыс елден іздеп келіп, сұлулық, естілігімен жеңіп алатын Төлеген.
Әңгіменің ішіндегі суреттелген қыз бен жігітті алсақ, бұл екеуі де өз заманының бел баласы. Сол өңірде өсіп, сол көшпелі салт пен ру жігіне бөлінген елдің заңын, заң ұғымын ұғым қылып тұтынған адамдар.
Осы жағынан қарағанда, Төлеген өз заманындағы қазақ ортасындағы сері мырза, ерке бұлан болып өскен жігіттің үлгісі. Бұрынғы қазақтың түсінуінше қатын алатын шақ – әрбір жігіттің жігіттік ерлік өнерін сынайтын кез болады. Баяғы замандағы ескінің айтқан: "Қатынды не ел шауып, егер қылып жаттан аларсың, не ағаңды өлтіріп, жеңгенді аларсың" деген сияқты сөзі бергі заманға шейін қазақ жігітіне сын есебінде айтылған бір сөз болған. Баяғы ескі заманның батыр атын алған жігіт, қатынды бұрынғының батырлық үстіне қиын-қыстау сапарда табатын болса, одан бергі заманның жас жігіті сол қатын алатын шаққа жеткенде бір кедергі, бір бейнет сияқты, қауіп-қатер сияқты қиын, өткелі тар, кешуі көп жерлерден өтіп барып алуға керек болған. Бұндай хал бір өңірдің серісі, мырзасы, жақсы жігіт болған жастарға әсіресе міндет сияқтанған.
Төлеген елден асқан атақты Базарбайдың баласы. Ержеткенше қыз айттырмай, әкесі де өз таңдауымен алсын деп келген, сондықтан, ол ержеткен соң күндегі амандық, тыныштықтың бәрін бір күнде артына тастап, тіпті алыс жолда, тіпті қиын қияда тұрған Қыз Жібектей сұлуды іздегі шығады. Албырттық, жастық шаққа, сезім билеген қиялшыл шаққа жасырынға, көмескіге ынтық болатын мезгілге Төлегеннің Қыз Жібекті іздеп шығуы әбден сияды.
Мұның жүрісі өзінше батырлық жүрісіндей, тәуекел жүріс. Бейнет пен қатерге жақсы жары үшін әдейі белін буып шыққан жүріс. Махаббат қандай шарттың арасында шын махаббат болып, қандай күйлердің ортасында туып-өсетінін әбден ұғына білген ел қиялы екі жастың сезім күйін күшейтіп, махаббатын жарастырып, қызуын ұлғайту үшін әдейі осындай жайлардан бастайды. Енді Төлеген іздеп шыққан, ынтық болған Қыз Жібектей сұлуы кім? Ол қай алуан адам? Соған келейік. Қыз Жібек те, Төлеген сияқты өз заманының барлық жас әйелінің сұлу үлгісі, тұтас сұлу жыры сияқты сезімді жас Қыз Жібек пішінінде, қазақтың ертегіде жырлайтын сән-салтанаты, қызық-рақат ортасында өсетін ерек сұлуының мінезі, салты бір көрінсе, бұдан соң, әсіресе, айқын көрінетін сол замандағы нық орнаған әмеңгерлік, жесірлік заңы.
Қыз Жібектің Төлегенді сүюі анық. Сыртқы әңгімелеу ретінде, бұның тағдыры Баяннан бөлек болса да, мұндағы махаббат сол Баян махаббатының дәрежесіне жетерлік, өзінше бір заңдарға бойсұнған махаббат.
Бұның бойсұнған ерекше заңы, қазақ елінің жесірлік салты дедік. Төлегенді өзге көп құмар жігіттің ішінен таңдап алғанда Қыз Жібек жалғыз жүргендігіне қарамай, өкінішсіз, қалтқысыз сүйеді. Соны шын көңілімен сүюмен, сағынумен жүрген уақытта Төлеген өледі. Осы оқиғадан соң Қыз Жібек жүрегінде махаббаттың екінші бір түрі шығады.
Бұл түрі бүгінгі махаббат жайын сұрайтын адамдардың ұғынуынша, бүгінгі өнерлі Европа ұғынуынша жат тұр. Мұндай махаббат болмайтын да сияқтанады. Бірақ қазақтың сол замандағы тұрмыс заңын, салтын еске алсақ, сол заң мен салтқа анық бойсұнып өскен адамдардың көзімен қарасақ, бұ да махаббат екені даусыз. Бұл "Қыз Жібектегі" махаббаттың екінші сатысы. Қазақ махаббатының өзгеден ерекше бір алуаны, ерекше түрі.
Қыз Жібек басында Төлегенді сүйгенде оның бір басын ғана сүйіп қойған жоқ. Ол махаббаттың келешек қызықты күнін сол Төлеген шыққан рудың, сол шыққан ауылдың, аймақтың ішінде болады деп есептеген. Қазақтың салты бойынша, өзін Төлеген руының мүлкі деп есептегі өскен. Бұның келешектегі күні Төлегеннің ауданымен, ауылымен байланысқан махаббаты ауданды, көлемді махаббат. Бүгінгі ғана бір-ақ жанды сүйіп, сонымен тоқтап, тойып қалған махаббат емес, келешектегі келін болған, жеңге, бәйбіше болған заманның барлығын бірдей сүйіп, сол күнді іштегі махаббаттан басқа, сол руға тиісті болған намыспен сүйген, сондықтан Төлеген өлген күнде, ол Сансызбайды Төлегенді жоқтағандай жоқтайды.
Сансызбай келгенде бұрынғы жоқтағаны тіріліп келгендей көреді. Артында басы бос, жетіп отырған қайнысы болған соң, өз жары өлмегендей болады. Қайыны өз күйеуімен бір ата, бір анадан туған соң, Төлегеннің жарты денесі сияқтанады. Тіріліп келген аруағы, суреті сияқты болады.
Сондықтан оған бұрынғыдай құмар көңілмен қосылып, жарастықты тіршілік етпек болады. Бұл бақытсыз болар еді, Сансызбай жоқ болса, Төлегеннің артында Сансызбай болғандықтан, жесір қалған қалыңдық бақытсыз емес. Сансызбайдың басына қатер таянған күнде мойнына шылбыр салып, өлмекке дайын болып отырған – Қыз Жібектегі махаббат шын махаббат екенін және сол махаббат бір атаның баласына түгел арналған толық махаббат екенін білдіреді. Бұл әңгіме өзгеге өте жат болса да, қазақ құлағына бұл күнге шейін жат емес. Қазақ көзіне шын махаббат сияқты көрінуінде шүбә жоқ. Ол адамдардың мінезі мен ісі, қиялы мен сезімі қалың елдің көпшілігіне ұғынымсыз жат нәрсе болса, сол уақытта әңгімелеуші адасқан болады. Ондай ел ұғымына жат келетін әңгіме жайылып, тарамайды. Жоғалып та кетеді.
"Қыз Жібек" әңгімесі, қазақ елінің өз рухы, өз қанынан шыққанына осы күнге шейін елдің өзі куә. Осы күнге шейін бір қазаққа Қыз Жібектің Сансызбайды сүйіп, соған тиюі өрескел көрінген емес. Олай болса, бұл әңгіме қазақ елінің өзгеден бөлек табиғатымен, өзгеден бөлек ұғымынан туғандығына дау жоқ. Сондықтан мұны да Баяндай, қазақ тіршілігі туғызған махаббат жырының бірі дейміз.
Қыз Жібек әңгімесінің негізі ескі замандағы ел әдебиетінің ертегі сияқты қара әңгімесінен алынған. Бері келгенде, өлең өлшеуіне салып, суретті әңгімеге айналдырып, поэма қылып шығарған – Жүсіпбек қожа23. Бұл күнде қолымызда ескі "Қыз Жібек" әңгімесі жоқ. Сондықтан алғашқы тұлғасы қандай еді, оған өңдеуші Жүсіпбек қанша жаңалық қосты, қанша өзгертті, ол туралы біз еш долбар жасай алмаймыз. Бірақ бұл күнгі қолда отырғанын сынағанда байқалатын нәрсе: "Қыз Жібек" ел әдебиетінің ішінде жазбаның романы сияқты көрінеді. Бұдан бұрын біз қарастырған ел әңгімесінің қай-қайсы болса да, бұрынғы заманда болып өткен бір адамның өмірі мен ісін алып, соны ұлғайтып, әңгіме қылып, соны қиялдайтын, мысалға баяғының батырларын алсақ, солар да ойдан шығарған, қиял туғызған адам емес. Дәл әңгімеде жыр қылған ерлік сияқты қасиеттері түгел болмаса да, соған ұқсаған іс пен мінездері болған. Соны ел қиялы көтеріп, түрлеп жыр қылып әкеткен.
Осы ретпен "Қыз Жібек" әңгімесін алып, болған оқиғадан шыққан ба, жоқ қиял туғызған әңгіме ме деп қарастырсақ, бұл өзге әңгімелерден басқарақ көрінеді. "Қыз Жібек" бұрынғы батырлар әңгімесі сияқты жортуылшы, жорықшыл ердің әңгімесі. Бұл тарихи дәуірге де келмейді. "Қозы Көрпеш – Баян" сияқты әңгімеден де бұның басқарақ жерлері бар. "Қозы Көрпеш" көп елге жайынғанда анық болған әңгіме болып жайылған. Бүгінгі Жетісудағы бейіті ертеде Қозы Көрпеш деген адамдардың болғанына куәлік айтып тұр. Бұрынғы ел ортасына жайылған қара әңгіменің көбі ертегі болса, Қыз Жібек оған да ұқсамайды. Олай болса, бұл әңгіме өзге ескіліктің бәрінен бөлек.
Ескі сөздің ішінде роман үлгісімен шыққан, басқа жұрт әңгімелеріне ұқсаған бір түр болады. Түр ұқсастығына қарағанда қай елдің қандай әңгімелеріне келеді? Меніңше, Қыз Жібек араб, парсының ғашықтар әңгімесіне ұқсайды. Қазақтың өлеңінде: "Біреуі жеті ғашық Сейпүлмәлік, кітаптан ғашықтығын көрдім анық" деп айтатын Сейпүлмәлік әңгімесі Қыз Жібек әңгімесіне азырақ жұғын берген сияқты. Шынында Төлегеннің Қыз Жібек деген сұлу қыз бар деп атағын естіп, ғашық болып, белгісіз алыс жолға құмартып іздеп шығуы, Сейпүлмәліктің Бадығұлжамал деген пері қызының суретін көріп, ғашық болып, іздеп шығуына аз да болса ұқсағандай болады. Бірақ бұл ұқсастық бойынша бар әңгімесі "Сейпүлмәлікше" келеді демейміз. Бұл сөз азырақ ұқсастық жайын ғана айтқан мөлшер сөз.
Анығында, Қыз Жібектің басы күншығыс ертегілерінше басталса да, қазақ өміріне өте жуық, қазақ ішінде осындай оқиға, осындай мінез бен істі туғызатын шарттың бәрі жоғарыда айтқандай анық болған. Соңғы заманға шейін жігіттің қыз қарап, қыз тандап шығуы болып та келеді. "Қыз Жібек" өзге жұрттың әңгімесіне романша, ертекше басталғандығымен ұқсайды. Бірақ тағы да айтамыз, солай басталуы қазақтың өз тұрмысынан да туып кетуі мүмкін.
Осымен бөтен жұрттың әдебиетінен келген әсер болса, ол – басталуында ғана. Одан кейін әңгіменің құрылысы, ұлғайып өсуі, барлық адамы, адамдардың мінезі, ісі, барлығы да түгелімен нағыз қазақтың өзінікі. Өзге жұрттан келген азырақ мәдени жүгін болса, о да жат тәрізді емес, қазақ салтына табиғи оқиға сияқты көрінеді.
Әңгіме ішіндегі қыз, Бекежан, Қаршыға, Сансызбайлар, барлығы да баста айтқандай, қазақ елінің, қазақ салты мен қалпының бел баласы.