31.03.2021
  222


Автор: Аралбай Оңғарбекұлы‎

Аралбайдың термесі

Ал жиналған жақсылар,
Сөз сұрасаң біздей қартыңнан,
Базарлы жерге келгенде,
Басымды бұлдап тартынбан.
Мен - бір аққан дария
Кемерін соғып шалқыған.
Мәжілісті жерге келгесін.
Алқалы дуды көргесін,
Домбыраны қолға алып,
Көңілдің шерін қозғалық.
Мен бір жауап бастайын,
Жорғамын сүргін басқан-ай.
Таусылмайтын сарқылын,
Өзенмін қайнар тасқан-ай.
Алқалаған әлеумет,
Ортаңызға зауық етіп,
Ажарлап сөзді тасталы-ай.
Көрмесе, адам жат болар
Ағайын-туған халқынан.
Жақсы мен жаман айрылар
Сөйлеген сөздің парқынан.
Айтсам бір даусым ашылар
Атамыз Қазақ - Алшыннан.
Нешелер бұрын ерде өткен.
Дұшпанын жерге жастаған,
Жауынан қорқып саспаған.
Батырлар өткен бас алған,
Қаруы қанға жасарған.
Қайрасаң, шықпайды қасиет
Азып бір туған нашардан...





Пікір жазу