30.03.2021
  291


Автор: Ғабиден Қожахмет

Тойға тілек

Орындалып ойдағың,
Келді ауыл-аймағың.
Думандатқан ағайын,
Құтты болсын тойларың!


Кеуде күйге толғасын,
Көңілде кір болмасын.
Шаңырақта той болған
Шаттық, бақыт орнасын!


Сөзден маржан терейік,
Ақ тілекті төгейік.
Той иесі, қашанда
Артық болсын мерейің.


Береке, бақ жиылсын,
Той дегенің – дүйім сын.
Дос-жараның қуанып,
Дұшпандарың күйінсін.


Жүзеге асып ойдағың,
Орындалсын ойларың.
Қызық, қуаныш көбейіп,
Арта берсін тойларың!





Пікір жазу