30.03.2021
  633


Автор: Ғабиден Қожахмет

Мектеп бітіруші түлектер әні

(Әнін Кемеңгер Өтеп шығарған)

Болашақтың жұлдызы
Қолын бұлғап үнемі.
Ұшты ұядан ұл-қызы
Мектебінің түлегі.

Сезім-сезім жүректен
Көз жасы боп тамады.
Балалық шақ түлекпен
Қош айтысып қалады.

Түлек самғап барады,
Бақытты алда өмірі.
Мұңға толып қалады
Ұстазының көңілі.

Сезім-сезім жүректен
Көз жасы боп тамады.
Балалық шақ түлекпен
Қош айтысып қалады.

Шақырады алыстан
Армандары асқарға.
Бала кезден табысқан
Қош айтысар достар да.

Сезім-сезім жүректен
Көз жасы боп тамады.
Балалық шақ түлекпен
Қош айтысып қалады.




Пікір жазу