30.03.2021
270
Өмір бізге шаттық әнін жырлаттың
(Үйленген жастардың ата-анасының тілегі)
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды,
Сол шаттықтан көңіліміз тасынды.
Бүгін, міне, біздің перзенттерге де
Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды!
Жастық шақтан бақыт гүлін жинаңдар!
Бір-біріңді жұбай болып сыйлаңдар!
Жақсылықты жанға серік еткізіп,
Жалау болсын жандарыңа иманды ар!
Әр күндерің тек бақытты күн болсын!
Отау іші шұғылалы нұр болсын!
Салған әнің қуаныштың әні боп,
Шаттықтарың айта жүрер жыр болсын!
Сендерге осы аналардың тілегі,
Сендерге осы әкелердің тілегі.
Өздеріңе бақ тілеуші еді үнемі,
Қуаныштан толқыды енді жүрегі.
Бүгін, міне, біз үшін де қымбат күн,
Өмір бізге шаттық әнін жырлаттың,
Өмір бізге бақыт әнін тыңдаттың!
Таусылмасын ғажап әні мәңгілік
Жас отауы бой көтерген гүл бақтың!
Қос бұлақ еді, бір өзенде қосылды,
Сол шаттықтан көңіліміз тасынды.
Бүгін, міне, біздің перзенттерге де
Жаңа өмірдің бақ есігі ашылды!
Жастық шақтан бақыт гүлін жинаңдар!
Бір-біріңді жұбай болып сыйлаңдар!
Жақсылықты жанға серік еткізіп,
Жалау болсын жандарыңа иманды ар!
Әр күндерің тек бақытты күн болсын!
Отау іші шұғылалы нұр болсын!
Салған әнің қуаныштың әні боп,
Шаттықтарың айта жүрер жыр болсын!
Сендерге осы аналардың тілегі,
Сендерге осы әкелердің тілегі.
Өздеріңе бақ тілеуші еді үнемі,
Қуаныштан толқыды енді жүрегі.
Бүгін, міне, біз үшін де қымбат күн,
Өмір бізге шаттық әнін жырлаттың,
Өмір бізге бақыт әнін тыңдаттың!
Таусылмасын ғажап әні мәңгілік
Жас отауы бой көтерген гүл бақтың!