30.03.2021
243
Қыз-дәурен
Серік қып тағдыр басқаны,
Ашылды арай аспаны.
Шақырды өзге жағаға
Қол бұлғап бақыт бастауы.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Жастықтың желпіп самалы,
Босаға аттап барады.
Ата-ана, бауыр, ағайын
Тілекшің болып қалады.
Қызға кім кінә таға алар,
Жат жұрттық болып жаралар.
Артында қалған еліне
Қонақ боп енді оралар.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Ашылды арай аспаны.
Шақырды өзге жағаға
Қол бұлғап бақыт бастауы.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда
Қыз-дәурен қалар қоштасып.
Жастықтың желпіп самалы,
Босаға аттап барады.
Ата-ана, бауыр, ағайын
Тілекшің болып қалады.
Қызға кім кінә таға алар,
Жат жұрттық болып жаралар.
Артында қалған еліне
Қонақ боп енді оралар.
Өмірде бірге достасып,
Айдында барады қос ғашық.
Жаңа өмір есік ашқанда
Қыз-дәурен қалар қоштасып.