30.03.2021
  374


Автор: Ғабиден Қожахмет

Махаббаттың бәрі де сыйластықтан басталар

(әзіл)

Көңілдердің көгіне
Көтерілсе асқақ ар.
Махаббаттың бәрі де
Сыйластықтан басталар.

Көкжиектен түріле
Сезім нұры төгіліп.
Бірі, бірі-біріне
Қол жетпестей көрініп.

Шектеп қойып құмарын,
Тым әріге бармайын деп.
Қол жетпестей сыңарын,
Ренжітіп алмайын деп.

Ашпай мінез түндігін,
Бір-біріне бағынып.
Сәл көрмесе бір-бірін,
Соны ойлап сағынып.

Керегі жоқ түктің де,
Сүйем сені, сенші деп.
Қайда жүрсің күттірме,
Келші, келші, келші деп.

Ұрысады бір күні,
Серттен оңай тайдың деп,
Жолықтырған бір сені
Қырсық шалған қай күн деп.




Пікір жазу