07.02.2021
  7656


Автор: Мұқағали Мақатаев

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...




Комментарии

Қарасай Асыл
Қарасай Асыл 08.02.2023 23:42
Маған Мұқағали атамыздың отан туралы өлеңі ұнады бұл өлеңдерді істеу қалай ақылына қонды деймда
Алиназ
Алиназ 09.01.2023 21:50
Оте кушты олендер екен маган оте унады
Әлфия
Әлфия 07.02.2022 22:31
Мақатаевтың өлеңдері маған ұнады. Өте керемет. Өлеңдері көп екен. Мен үш бақытым өлеңін жаттатып дебем. Апай мәнерлеп оқуға қатысасың дебеді ғой.

Пікір жазу