30.03.2021
  3460


Автор: Ақылбай Абайұлы

Ақылбай әні

Ақылбай шығарған ән. Абайдың кенже ұлы Мекайыл көрші Матай елінен қалындық айттырып, соны ұзатып алып келуге Абайдың әншісі Әлмағамбет бас болып, құдалыққа аттанады. Жолай Ақылбайдың үйіне соғып: «Матайлар өнерпаз ел. Абай әндерін олар да жатқа біледі. Олар естімеген жаңа ән керек. Соны сізден қолқалай келдік. Абай атамның кенже ұлының үйлену тойына базарлық болсын» деп өтініш білдіреді. Сонда Ақылбайдың табан астында шығарған әні кейін «Ақылбай әні» деген атпен қазақ даласына кеңінен тараған. Ән кең тынысты дауысқа арналған.

«Ішік кидім бұлғыннан құндыз жаға,
Жас дәуренді өткіздім бермей баға.
«Ақылжан» деп түрушы ед талай қыздар,
Сұмдық шықты дейтүғын «Ақыл аға».
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң,
Матайды алыc бірталай жер деген соң,
Он минутта ойыма осы ән түсті,
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң,»

- деген екі шумақтан турады. Мұндағы «Әлекең» деп отырғаны - Абайдың әншісі Әлмағамбет Қапсалемұлы (1870-1932). «Ақылбай әні» кейіннен ұмытылып кеткен. Әуезов әншілер К. Байсейітова мен Ж. Елебековті үйіне арнайы шақырып, оларға осы әнді үйреткен. Мәкен Мухамеджанованың айтуымен музыка зерттеушісі Б. Ерзакович нотаға түсірген.




Комментарии

....
.... 11.11.2024 20:14
Ақылбай өлең жинақтары

Пікір жазу