meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  30.03.2021
  237


Автор: Саят Әбенов

ТОРҒАЙДЫҢ ЖОЛЫ

Құлақ ассын ел айтқан арызға кім?
Отыр төрде естімей абыздарым.
Жүзі жұтаң Торғайдың жолы мынау,
Біледі жұрт талай қан ағызғанын.
Бөлінетін қаражат қайда сонда,
Айтар енді қашанғы аңыздарын?
Басшылыққа келгендер ұмыта ма,
Ел алдында өтейтін парыз барын.
Жемқорлықтың бұл да бір көрінісі,
Байлап отқан халықтың нағыз бағын.
Жол шұңқырын бітейтін қаржыменен,
Бір-бірінің бітеп жүр ауыздарын!





Пікір жазу