30.03.2021
  349


Автор: Саят Әбенов

Қырсығым-ай!

"Сүйем" десем аласың шымшып күнім,
Қалдық тағы сол үшін ұр(ы)сып бүгін...
Өзге жанға басқаша көрінгенмен,
Ал, өзіме ұнайды қырсықтығың!

Бой жетсең де бітпейді ерегесің,
Шамалыны анық қой елемесің.
Маған дейін қанша жан қағып кетті,
Ұйыктайтын бөлмеңнің терезесін!

Мінезің жоқ ұялып қысылардай,
Көңіліннің - жазы бұл, қысы қандай?
Маған дейін қанша жан сөз естіді,
Жазып келген хаттарын ұсына алмай!

Сенсің бірақ жаныма ерек сыңар,
Түсінемін мен емес себеп сұрар...
Оңайлықпен қасына жуытпайтын,
Барша қызға бұл мінез керек шығар?!




Пікір жазу