30.03.2021
  4029


Автор: Саят Әбенов

Ата-ананың арманы!

Ата-ананың арманы,
Арманының бал дәмі.
Ұл-қызының өмірі,
Күтіп тұрған алдағы.

Ата-ананың арманы,
Ұлдың бағы жанғаны.
Жақсы келін болатын,
Иманды қыз алғаны.

Ата-ананың арманы,
Қыздың бағы жанғаны.
Өз қызындай көретін,
Құтты жерге барғаны.

Ата-ананың арманы,
Ұрпағының қалғаны.
Немересін иіскеп,
Ақ бесікке салғаны.

Ата-ананың арманы,
Таудан биік талғамы.
Олар үшін осылар,
Бұл өмірдің бар мәні!!!




Пікір жазу