meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  30.03.2021
  358


Автор: Саят Әбенов

Махаббатпен ойнама

Махаббатпен ойнама,
Қорлап босқа сезімді.
Алдаймын деп ойлама,
Алдасаң да өзіңді.

Достықпенен ойнама,
Ол біз үшін жат тірлік.
Кешірер деп ойлама,
Кешірілмес сатқындық.

Өмірменен ойнама,
Ойнамауың заңдылық.
Мәңгілік деп ойлама,
Ештеңе жоқ мәңгілік.





Пікір жазу