30.03.2021
568
Бір күнім болар
Бір күнім болар өмірдің жеңер сынағын,
Бір күнім болар жағылар арман шырағым.
Бір күнім болар білмеймін бірақ қай күнім,
Сол күнге мені жеткізер түбі мына күн.
Бір күнім болар құлатып жерге жығатын,
Бір күнім болар жығылмай шыңға шығатын,
Бір күнім болар мойындамаған кей жандар,
Бір күнім болар мойындап бəрі тұратын.
Бір күнім болар біреуге болар керексіз,
Бір күнім болар біреусіз өсер көмексіз.
Бір күнім болар өкпелеп өткен өмірге,
Бір күнім болар серпіліп жүрер себепсіз.
Бір күнім болар түкке де зауқым соқпайтын,
Бір күнім болар тəубеме келіп тоқтайтын.
Бір күнім болар ақ түсіп қара шашыма,
Бір күнім болар жастық шағымды жоқтайтын.
Бір күнім болар ортадан орын табатын,
Бір күнім болар жұлдызым көкте жанатын.
Бір күнім болар бір күнім болар əйтеуір,
Осының бəрін сағынып еске алатын.