30.03.2021
277
Жан жарыңды алдама
Жан жарыңды ешқашанда алдама,
Ол жайында талқылама талдама.
Пәк сезімін кірлететін өзгемен,
Жүрегі жоқ, жүрегі тас жан ғана.
Қидырған соң серт байласып некеңді,
Тағдырыңа қоса көрме бөтенді.
Қу нәпсіңнің кесірінен түбінде,
Екі жаққа айырасың екі елді.
Ажырасу - берген емес еш пайда,
Соны ұғып түсінетін ес қайда.
Адал болсаң махаббатқа мәңгілік,
Сүйген адам кете қоймас ешқайда.
Мен айтайын сені сүйген адамды,
Ең бірінші құрметтейді Анаңды.
Бар сырыңды қабағыңнан түсініп,
Үйде күтіп бағып қағар балаңды.
Мен айтайын сені сүймес пендені,
Қалтаңдағы сенің ақшаң сенгені.
Кім болсаң да ол жан үшін бәрібір,
Ең бастысы пайдалана бергені.
Айтшы, енді, өзің үшін кім артық,
Қайсысына қойдың ауыр жүк артып.
Сүйген жарды сүйгің келе береді,
Сүймегенге тұрасың құр құмартып.
Ойлан, өзің, кеш болмасын барлығы,
Алдасаң да ол біреудің тағдыры.
Жан алдында, ар алдында арлы бол,
Алла өзі ардақтайды арлыны.
Отбасыңмен кереметсің, нардайсың,
Алдап жүрсең көпке бірақ бармайсың.
Жан жарыңды оңай алдай алсаң да,
Жан жағыңды олай алдай алмайсың.
Құрметтеші үйіңдегі жарыңды,
Құрметтеші отбасыңды, барыңды.
Отбасыңнан артық бақыт болмайды,
Бағалай біл басқа қонған бағыңды.
Ол жайында талқылама талдама.
Пәк сезімін кірлететін өзгемен,
Жүрегі жоқ, жүрегі тас жан ғана.
Қидырған соң серт байласып некеңді,
Тағдырыңа қоса көрме бөтенді.
Қу нәпсіңнің кесірінен түбінде,
Екі жаққа айырасың екі елді.
Ажырасу - берген емес еш пайда,
Соны ұғып түсінетін ес қайда.
Адал болсаң махаббатқа мәңгілік,
Сүйген адам кете қоймас ешқайда.
Мен айтайын сені сүйген адамды,
Ең бірінші құрметтейді Анаңды.
Бар сырыңды қабағыңнан түсініп,
Үйде күтіп бағып қағар балаңды.
Мен айтайын сені сүймес пендені,
Қалтаңдағы сенің ақшаң сенгені.
Кім болсаң да ол жан үшін бәрібір,
Ең бастысы пайдалана бергені.
Айтшы, енді, өзің үшін кім артық,
Қайсысына қойдың ауыр жүк артып.
Сүйген жарды сүйгің келе береді,
Сүймегенге тұрасың құр құмартып.
Ойлан, өзің, кеш болмасын барлығы,
Алдасаң да ол біреудің тағдыры.
Жан алдында, ар алдында арлы бол,
Алла өзі ардақтайды арлыны.
Отбасыңмен кереметсің, нардайсың,
Алдап жүрсең көпке бірақ бармайсың.
Жан жарыңды оңай алдай алсаң да,
Жан жағыңды олай алдай алмайсың.
Құрметтеші үйіңдегі жарыңды,
Құрметтеші отбасыңды, барыңды.
Отбасыңнан артық бақыт болмайды,
Бағалай біл басқа қонған бағыңды.