29.03.2021
  253


Автор: Саят Әбенов

Бақытсыз неке!

Кешірші, кешірші, кешірші,
Кешірім сұрауым нешінші?
Өзіңсіз мынау үй - қу түнек,
Отыршы, кетпеші, шешінші...

Сен мені білемін жек көрдің,
Бұл үйден кетемін деп келдің.
Өзіңді бақытты етем деп,
Өзімді бақытсыз еткенмін.

Сезім жоқ сенде де, менде де,
Іштегі қайғымыз тең неге?
Мен бірақ ойландым көз ілмей,
Сен жылап жататын бөлмеде.

Неліктен қосылдық сонда біз,
Біз үшін болмаса сол маңыз?!
Арада басталған бұл жанжал,
Өзгеге өсек пен болды аңыз!

Басында бəрі де қызықты,
Жүрегің үмітті үзіпті.
Бір білмес болды ма білмедім,
Көрмедім қолыңнан жүзікті.

Өкініп қайтейін аһ ұрып,
Өзіммін адасқан мақұлық.
Сүймеген жандардың жүзігі,
Тұрады ломбардта сатылып.





Пікір жазу