29.03.2021
929
Білсең ғой...
Білсең ғой сезім бəрін жеңетінін,
Бақыттың құшағына енетінін.
Мен сенің жүрегіңде бір күн емес,
Мəңгілік өмір сүргім келетінін.
Білсең ғой сүйген жүрек көнетінін,
Өзіңе үміт артып сенетінін.
Бірақта сол жүректің сені ғана,
Ерекше қатты жақсы көретінін.
Білсең ғой жүрекке мұң тұнатынын,
Сол бір мұң кейде Мəжнүн қылатынын.
Бойыңнан бір кемшілік байқасам да,
Жүрегім оған да көз жұматынын.
Білсең ғой қосылар күн туатынын,
Біз күткен бақыт алдан шығатынын.
Білсең ғой бірақ-бірақ білмейсің сен,
Махаббат - екеумізден тұратынын.
Бақыттың құшағына енетінін.
Мен сенің жүрегіңде бір күн емес,
Мəңгілік өмір сүргім келетінін.
Білсең ғой сүйген жүрек көнетінін,
Өзіңе үміт артып сенетінін.
Бірақта сол жүректің сені ғана,
Ерекше қатты жақсы көретінін.
Білсең ғой жүрекке мұң тұнатынын,
Сол бір мұң кейде Мəжнүн қылатынын.
Бойыңнан бір кемшілік байқасам да,
Жүрегім оған да көз жұматынын.
Білсең ғой қосылар күн туатынын,
Біз күткен бақыт алдан шығатынын.
Білсең ғой бірақ-бірақ білмейсің сен,
Махаббат - екеумізден тұратынын.