29.03.2021
  1041


Автор: Саят Әбенов

Рухты қазақ

Мен - қазақпын,
Сен - қазақсың,
Ол - қазақ,
Біздер үшін ата-бабам көрді азап.
Мүмкін емес сенің осал болуың,
Сол жандардай рухты, мықты бол ғажап.

Білегімен қас дұшпаннан қорғаған,
Жүрегімен елді сүйіп қолдаған.
Жер бетінен кетер едік жойылып,
Жерді сақтап қалмағанда сол бабам.

Қазақ десе биіктерге ұмтылдым,
Сен де бірақ қадірін біл бұл күннің.
Өз еліңде өз тіліңде сөйлеші,
Тіл құрыса құрығаны ұлтымның.

Біз қазақпыз біреулерге арманбыз,
Ажалға да талай қарсы барғанбыз.
Жетпіс жылдың бұзып шыққан құрсауын,
Азаттықпен бірге туған жандармыз.

Артта қалды көрген қорлық, азап-мұң,
Ешкімге де илікпейтін азатпын.
Қазақ болып тусаң мақтан осылай,
Сен - қазақсың арқасында қазақтың!




Пікір жазу