meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.03.2021
  345


Автор: Міржақып Дулатұлы

Балдызға (Бірінші хат)

Сәлем жаздым балдызға
Осы ауылда кез келіп,
Қазақшылық ғұрпында
Бар ғой деп қақым жезделік.

Бұрын солай болушы ед,
Кетпесе заман өзгеріп.
Жатсынбасаң, Жәнима,
Бізде болмас өзгелік.

Сен бір бұлбұл сайраған,
Бұл өнерің білінді.
Жақсыға құмар жездеңе
Естіртші бүгін үніңді.

Бір көргеннің бірімін,
Мұндай гүлді кім көрген?
Мадақтауға сипатың
Бармай тілім күрмелген.




Пікір жазу