29.03.2021
212
ҚАЛАУЛЫМ
Елді түзеу үшін эфирді түзеу керек. Əйтпесе қазақтығымызға сын бағдарламалар көбейіп кетті. Соны қалыпқа келтіретін намысшыл көкелерім қайда? Осы жазбам министрлікке жетсе екен. Ол үшін БАРЫНША РЕПОСТ ЖАСАП ТАРАТАЙЫҚ!
ҚАЛАУЛЫМ
Қайдан ғана шыға келді "Қалаулым",
Қалаулымды ұят өзі қараудың.
Қызармастан қыз іздеген мынау кім,
Батылданып бай іздеген анау кім?
Айқай-шуы қызып жатыр ортаның,
Ол ортадан алсын кімдер мол тəлім.
Осы күннің бет бейнесі осындай,
Болашақта кім боламыз? Қорқамын...
Арулардың күйдіруде ай-жүзін,
Өзге ұлттың қайтесіңдер айғызын.
Бұрынғыға бір сəт көрші үңіліп,
Ел алдында ер іздеген қай қызың?
Жұрттың бəрі қарап отыр таңдана,
Қызық шығар жар іздеген жарнама.
Бірақ біздер мүгедек қып бұл күні,
Ар-ұятты таңып қойдық арбаға.
Түбі қайда апарады білмедім,
Жүрегімді ауыртады бұл менің.
Қалай ғана дəтің шыдап көреді,
Жастарымның жолын таппай жүргенін.
Қалаулым-ау, не қалайсың сен осы?
Түсінікті қазаққа сай емесі.
Өтінішім тоқтай салшы осымен,
Əр сөзімнің тисе саған жебесі.
Қосамын деп ойлайсың ба жастарды,
Тек сезімнен алар жүрек бастауды.
Көкек ана көбею де онсызда,
Сəбилер де жеткілікті тастанды.
Бұның бəрі рейтинг үшін құр ғана,
Елді сыйла бос уақытын ұрлама.
Эфир емес əкесі мен шешесі,
Қызға қорған, тірек болған ұлға да.
Пайдасы бар, берері бар қоғамға,
Бағдарлама көрсетіңдер оданда.
Енді ғана есін жиған біз үшін,
Күтіп тұрған сынақтар да көп алда.
Мен - Қазақпын, өше қоймас алауым,
Ар-намысым жүректегі жалауым.
Жалауымды жыға көрме жауымдай,
Қалаулым-ай, осы менің қалауым!
ҚАЛАУЛЫМ
Қайдан ғана шыға келді "Қалаулым",
Қалаулымды ұят өзі қараудың.
Қызармастан қыз іздеген мынау кім,
Батылданып бай іздеген анау кім?
Айқай-шуы қызып жатыр ортаның,
Ол ортадан алсын кімдер мол тəлім.
Осы күннің бет бейнесі осындай,
Болашақта кім боламыз? Қорқамын...
Арулардың күйдіруде ай-жүзін,
Өзге ұлттың қайтесіңдер айғызын.
Бұрынғыға бір сəт көрші үңіліп,
Ел алдында ер іздеген қай қызың?
Жұрттың бəрі қарап отыр таңдана,
Қызық шығар жар іздеген жарнама.
Бірақ біздер мүгедек қып бұл күні,
Ар-ұятты таңып қойдық арбаға.
Түбі қайда апарады білмедім,
Жүрегімді ауыртады бұл менің.
Қалай ғана дəтің шыдап көреді,
Жастарымның жолын таппай жүргенін.
Қалаулым-ау, не қалайсың сен осы?
Түсінікті қазаққа сай емесі.
Өтінішім тоқтай салшы осымен,
Əр сөзімнің тисе саған жебесі.
Қосамын деп ойлайсың ба жастарды,
Тек сезімнен алар жүрек бастауды.
Көкек ана көбею де онсызда,
Сəбилер де жеткілікті тастанды.
Бұның бəрі рейтинг үшін құр ғана,
Елді сыйла бос уақытын ұрлама.
Эфир емес əкесі мен шешесі,
Қызға қорған, тірек болған ұлға да.
Пайдасы бар, берері бар қоғамға,
Бағдарлама көрсетіңдер оданда.
Енді ғана есін жиған біз үшін,
Күтіп тұрған сынақтар да көп алда.
Мен - Қазақпын, өше қоймас алауым,
Ар-намысым жүректегі жалауым.
Жалауымды жыға көрме жауымдай,
Қалаулым-ай, осы менің қалауым!