29.03.2021
310
Үйленіп жатқан жігітке
Құтты болсын қиған күнің некеңді,
Сезімдерің туыс қылды екі елді.
Отау құру - əр адамның парызы,
Сол парызың бүгін міне өтелді.
Қол ұстасып армандарға жет енді,
Армандама Дубай, Париж, шетелді...
Сый, ырысың тəубе қылсаң тасиды,
Үйің үшін адал еңбек ет енді.
Ең бастысы бақытыңды бағала,
Қас дұшпандар от салмасын араға.
Баяғыдай қыдыруға жол жабық,
Жүгіріс көп... жүрісіңді шамала.
Жақсы келін болсын десең анаңа,
Асыл ана болсын десең балаңа.
Бұл сөзімді түйіп жүрші санаңа,
Осы сүйген жан жарыңды бағала!
Осы жарың - айтқаныңа бас ұрар,
Осы жарың - мұң-қайғыңды қашырар.
Осы жарың - ең бақытты жан қылып,
Осы жарың - мерейіңді асырар.
Үйренесін үй болуға қорықпа,
Үйленгендер айтшы жаман болып па?
Бір бұрышта енді аңдып тұратын,
Бойдақ күннен айналып өт, жолықпа.
Бұл сәттерді оралмайтын ғажап көр,
Сезіміңнен басқасынан азат бол.
Бойдақ санын азайтыпсың, ЖАРАЙСЫҢ,
Қазақ санын көбейтетін қазақ бол!
Сезімдерің туыс қылды екі елді.
Отау құру - əр адамның парызы,
Сол парызың бүгін міне өтелді.
Қол ұстасып армандарға жет енді,
Армандама Дубай, Париж, шетелді...
Сый, ырысың тəубе қылсаң тасиды,
Үйің үшін адал еңбек ет енді.
Ең бастысы бақытыңды бағала,
Қас дұшпандар от салмасын араға.
Баяғыдай қыдыруға жол жабық,
Жүгіріс көп... жүрісіңді шамала.
Жақсы келін болсын десең анаңа,
Асыл ана болсын десең балаңа.
Бұл сөзімді түйіп жүрші санаңа,
Осы сүйген жан жарыңды бағала!
Осы жарың - айтқаныңа бас ұрар,
Осы жарың - мұң-қайғыңды қашырар.
Осы жарың - ең бақытты жан қылып,
Осы жарың - мерейіңді асырар.
Үйренесін үй болуға қорықпа,
Үйленгендер айтшы жаман болып па?
Бір бұрышта енді аңдып тұратын,
Бойдақ күннен айналып өт, жолықпа.
Бұл сәттерді оралмайтын ғажап көр,
Сезіміңнен басқасынан азат бол.
Бойдақ санын азайтыпсың, ЖАРАЙСЫҢ,
Қазақ санын көбейтетін қазақ бол!