29.03.2021
491
ҚАЙҒЫРМА
БƏРІ СЫНАҚ ӨМІР - ДЕЙТІН АЙДЫНДА,
ЖОЛЫҢ БОЛМАЙ ҚАЛСА СОНША ҚАЙҒЫРМА.
БІР КҮНДЕРІ АЙЫҢ ТУАР ОҢЫНАН,
КӨП БЕРІЛМЕ УАЙЫМ ЖҰТЫП ЖАЙ МҰҢҒА.
СҮЙГЕН АДАМ СҮЙМЕДІ ДЕП НАЛЫМА,
ЖАБЫРҚАМА ЖАРА САЛЫП ЖАНЫҢА.
ЕҢ БАСТЫСЫ БІЛЕ ЖҮРШІ ҰМЫТПАЙ,
БҰЙЫРАР ЖАН БАР ЕКЕНІН БАҒЫҢА.
ДОСЫҢ ЖАУҒА АЙНАЛСА ДА КЕКТЕНБЕ,
КЕШІРЕ БІЛ САТҚЫНДЫҒЫН, ЖЕК КӨРМЕ.
ЕСЕСІНЕ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІҢ,
ҚАЙТА ҚУАН КӨЗІҢ СОҒАН ЖЕТКЕНГЕ.
ТУЫСТАРЫҢ АЛЫСТАСА ЖАҚЫНДА,
ӨКПЕЛЕМЕ АЙТҚАН СӨЗІН МАҚҰЛДА.
АҚЫЛЫҢА АҚЫЛ ҚОСАР ТҮБІНДЕ,
ЖАҚЫНЫҢА АЗУЫҢДЫ БАТЫРМА.
ІШКЕ САҚТА ЖАН СЫРЫҢДЫ,СӨЗІҢДІ,
ЖАҚЫН ҰСТА ЖҮРЕГІҢЕ ТӨЗІМДІ.
БҰЛ ӨМІРДІ ТҮСІНБЕЙСІҢ БƏРІБІР,
ӨЗІҢ ҒАНА ТҮСІНЕТІН ӨЗІҢДІ!
ЖОЛЫҢ БОЛМАЙ ҚАЛСА СОНША ҚАЙҒЫРМА.
БІР КҮНДЕРІ АЙЫҢ ТУАР ОҢЫНАН,
КӨП БЕРІЛМЕ УАЙЫМ ЖҰТЫП ЖАЙ МҰҢҒА.
СҮЙГЕН АДАМ СҮЙМЕДІ ДЕП НАЛЫМА,
ЖАБЫРҚАМА ЖАРА САЛЫП ЖАНЫҢА.
ЕҢ БАСТЫСЫ БІЛЕ ЖҮРШІ ҰМЫТПАЙ,
БҰЙЫРАР ЖАН БАР ЕКЕНІН БАҒЫҢА.
ДОСЫҢ ЖАУҒА АЙНАЛСА ДА КЕКТЕНБЕ,
КЕШІРЕ БІЛ САТҚЫНДЫҒЫН, ЖЕК КӨРМЕ.
ЕСЕСІНЕ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІҢ,
ҚАЙТА ҚУАН КӨЗІҢ СОҒАН ЖЕТКЕНГЕ.
ТУЫСТАРЫҢ АЛЫСТАСА ЖАҚЫНДА,
ӨКПЕЛЕМЕ АЙТҚАН СӨЗІН МАҚҰЛДА.
АҚЫЛЫҢА АҚЫЛ ҚОСАР ТҮБІНДЕ,
ЖАҚЫНЫҢА АЗУЫҢДЫ БАТЫРМА.
ІШКЕ САҚТА ЖАН СЫРЫҢДЫ,СӨЗІҢДІ,
ЖАҚЫН ҰСТА ЖҮРЕГІҢЕ ТӨЗІМДІ.
БҰЛ ӨМІРДІ ТҮСІНБЕЙСІҢ БƏРІБІР,
ӨЗІҢ ҒАНА ТҮСІНЕТІН ӨЗІҢДІ!