29.03.2021
536
ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ
Атаң болған қандай жақсы, желкеніндей кеменің,
Əжең болған қандай жақсы, құрт пенен май жегенің.
Əкең болған қандай жақсы, орындалар дегенің,
Анаң болған қандай жақсы, сүйенішің сенерің.
Ағаң болған қандай жақсы, өр мінезді, табанды,
Əпкең болған қандай жақсы, асқақтатар бағаңды.
Інің болған қандай жақсы, бірге басар қадамды,
Қарындасың болған жақсы, түзеп берер жағаңды.
Жарың болған қандай жақсы, мінезіңе төзімді,
Балаң болған қандай жақсы, сыйлар ғажап сезімді.
Досың болған қандай жақсы, екі етпейтін сөзіңді,
Туыстарың болған жақсы, құрметтейтін өзіңді.
Адам болған қандай жақсы, сан сынақты жеңетін,
Адал болған қандай жақсы, жан шуағын төгетін.
Бақыт болған қандай жақсы, көп күттіріп келетін.
Уақыт болған қандай жақсы, бұның бəрін көретін.