29.03.2021
749
АНАҢНЫҢ БЕТІНЕН СҮЙ.
Еркелеп бетінен сүй құшырлана,
Тағдырдың кілтін бізге ұсынды Ана.
Аналар бұл өмірге жаралғандай,
Балаға бақыт сыйлау үшін ғана.
Анаңның бетінен сүй бар шағында,
Ғұмыры жетер дейсің қанша жылға.
Құлыным деген сөзін естігенде,
Басылар бойыңдағы шаршауың да.
Шіркін-ай, əр ақылы қандай үлгі,
Түсінер айтқызбай-ақ жағдайыңды.
Маңдайың тау мен тасқа тимесін деп,
Құшақтап иіскейді маңдайыңды.
Қуаншы сондай жанның барына шын,
Көргенде бар уайымнан арыласың.
Анаңның бетінен сүй құрмет көрсет,
Суретін сүйіп түбі сағынасың.
Тағдырдың кілтін бізге ұсынды Ана.
Аналар бұл өмірге жаралғандай,
Балаға бақыт сыйлау үшін ғана.
Анаңның бетінен сүй бар шағында,
Ғұмыры жетер дейсің қанша жылға.
Құлыным деген сөзін естігенде,
Басылар бойыңдағы шаршауың да.
Шіркін-ай, əр ақылы қандай үлгі,
Түсінер айтқызбай-ақ жағдайыңды.
Маңдайың тау мен тасқа тимесін деп,
Құшақтап иіскейді маңдайыңды.
Қуаншы сондай жанның барына шын,
Көргенде бар уайымнан арыласың.
Анаңның бетінен сүй құрмет көрсет,
Суретін сүйіп түбі сағынасың.