29.03.2021
219
Анау қазақ...
Анау қазақ сүйреп жүрген арбаны,
Енді қайтсін басқа жолы қалмады.
Сол жігітпен көрдіңіз бе сөйлесіп,
Əнші болу шығар, мүмкін, арманы?
Анау қырғыз сол қазақтың басшысы,
Басшының бар жаманы мен жақсысы.
Ол басшыға "өз жерім" деп секірсең,
Жетіп келер қазақ тәртіп сақшысы...
Анау қазақ қызын көріп тұрсың ба?
Көз жанары тұнып тұрған тылсымға.
Офицант боп зырылдап жүр кафеде,
Ондай қызды өзге керек қылсын ба?
Анау түрік қожайыны кафенің,
Арқасында "Сəке менен Бəкенің."
Сол аруды аяп тұрмын, қызы ғой
Қаны қазақ ана менен əкенің.
Анау қазақ ішіп жүрген көшеде,
Бүгін ішсін солай ішкен кеше де.
Неге құйды орекеннің сусынын,
Бабаларым қымыз ішкен кесеге?
Анау орыс өз тілінде ұғатын,
Бір дүкенде саудагер боп тұратын.
Оған келген мына біздей қазақтар,
Аз уақытта орыс болып шығатын.
Қайда қазақ "Сары алмаздар" секілді,
Ұлттар басқа шығып жатыр не түрлі.
Осыларды көре тұра айнадан,
Көруге де ұяламын бетімді!
Енді қайтсін басқа жолы қалмады.
Сол жігітпен көрдіңіз бе сөйлесіп,
Əнші болу шығар, мүмкін, арманы?
Анау қырғыз сол қазақтың басшысы,
Басшының бар жаманы мен жақсысы.
Ол басшыға "өз жерім" деп секірсең,
Жетіп келер қазақ тәртіп сақшысы...
Анау қазақ қызын көріп тұрсың ба?
Көз жанары тұнып тұрған тылсымға.
Офицант боп зырылдап жүр кафеде,
Ондай қызды өзге керек қылсын ба?
Анау түрік қожайыны кафенің,
Арқасында "Сəке менен Бəкенің."
Сол аруды аяп тұрмын, қызы ғой
Қаны қазақ ана менен əкенің.
Анау қазақ ішіп жүрген көшеде,
Бүгін ішсін солай ішкен кеше де.
Неге құйды орекеннің сусынын,
Бабаларым қымыз ішкен кесеге?
Анау орыс өз тілінде ұғатын,
Бір дүкенде саудагер боп тұратын.
Оған келген мына біздей қазақтар,
Аз уақытта орыс болып шығатын.
Қайда қазақ "Сары алмаздар" секілді,
Ұлттар басқа шығып жатыр не түрлі.
Осыларды көре тұра айнадан,
Көруге де ұяламын бетімді!