29.03.2021
  224


Автор: Саят Әбенов

Он қазақ...

(Өзге ұлттың алдында ұятты болмас үшін ана тілімізде сөйлесейік. Кешегі Оғыз есімді түріктің видеосын көріп намыстандым және де ұялдым.???)

Он қазақ...

Он қазақтың бірі қазақ, орыс тілді тоғызы,
Тоғызына ақыл айтқан Түріктің бір Оғызы...
Қазақ тілі - қасиетті домбырасы Динаның,
Қазақ тілі - аңыз адам Қорқытымның қобызы.

Ана тілін білмегеннің қызармай ма беттері,
Мұхтардың да жанайқайы жетер жерге жетпеді.
Түсінгенге тілсіз халық - тексіз халық емес пе,
Тілін білген ата-бабам шыныменен текті еді.

Түрік айтса ақиқатты ол - намысы, ерлігі,
Біз не дейміз үндемейміз жағдайымыз белгілі.
Нанның өзін орысшалап сатып алсақ дүкеннен,
Қазақпын деп қалай айтам ұрпағыма ендігі?!




Пікір жазу